Биылғы қазан айында ҚР-дағы күнкөріс минимумы 48,1 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 17,1% артық, деп хабарлайды finprom.kz.
Салыстыру үшін: 2021 жылдың қазан айында бұл көрсеткіш 13,6% өсіп 41,1 мың теңге болған.
Өңірлер бойынша ең жоғары күнкөріс минимумы дәстүрлі түрде Маңғыстау облысында тіркелді: 60,8 мың теңге – бір жыл бұрынғыдан 26,7% артық.
Екінші және үшінші орында тиісінше Астана (52,6 мың теңге) және Алматы (51,5 мың теңге) иеленді. Алғашқы бестікке Шығыс Қазақстан (50,1 мың теңге) және Ақмола (48,1 мың теңге) облыстары енген.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі Қызылорда, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды.
Жас бойынша ерлер мен ұлдар арасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 1-3 жас аралығындағы балаларда (37,3 мың теңге), ең үлкені 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдерде (60,1 мың теңге) тіркелді.
Қыздар мен әйелдер үшін де жағдай ұқсас: ең төменгі күнкөріс деңгейі 1-3 жас аралығындағы балалар үшін (31,6 мың теңге), ең үлкені 14-17 жастағы қыздар үшін (39,2 мың теңге) белгіленді.
Барлық жас санаттарындағы ұлдар мен ерлердің күнкөріс деңгейі қыздар мен әйелдерге қарағанда айтарлықтай жоғары. Биылғы қазан айында жас санатына байланысты ерлердің пайдасына айырмашылық 2,1%-дан 30,5%-ға дейін болды.