Тұрғын үй жағдайын жақсартуға қатысты зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану жөніндегі бастамасын жүзеге асыру аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 470 122 өтінішті қарады. Бұл бойынша берілген қаржының жалпы мөлшері – 1,92 триллион теңге. Осылай деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Атап айтқанда:
• Тұрғын үй сатып алуға (толық төлем), үй құрылысына, оның ішінде жер учаскесін сатып алуға 1,36 триллион теңге (70,62 %);
• Ипотека бойынша алғашқы жарна ретіндегі төлемге, ипотекалық қарыз бойынша берешекті толық және жартылай өтеуге және оны қайта қаржыландыруға 246,1 миллиард теңге (12,81 %);
• Тұрғын үй құрылысы жинағы жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызын алу, сондай-ақ толық және жартылай өтеу және қайта қаржыландыру үшін 262,1 миллиард теңге (13,64 %);
• Басқа да мақсатпен, соның ішінде сатып алу құқығымен жалға алу шарты бойынша берешекті толық және жартылай өтеу үшін 56,3 миллиард теңге (2,93%).
Банктер бойынша:
• «Отбасы банк» ҚТҚЖБ» акционерлік қоғамында – 446 711 өтініш қаралып, арнаулы шоттарға 1,87 триллион теңге аударылды;
• «Қазақстанның Халық Банкі» акционерлік қоғамында – 18 063 өтініш қаралды. Берілген қаржының жалпы көлемі – 45,5 миллиард теңге;
• «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамында – 5 055 өтініш қаралып, жалпы 9,2 миллиард теңге аударылды;
• «Altyn Bank» акционерлік қоғамы жалпы сомасы 511 миллион теңге болатын 187 өтінішті қарастырды;
• «Банк Фридом Финанс Казахстан» акционерлік қоғамында – 106 өтініш қаралды. Аударылған қаржының жалпы сомасы 401 миллион теңге.