2023 жылғы 2 мамырда «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтті, ол жерде «KEGOC» АҚ 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдың қаржылық есептемесі, таза кірісті бөлу тәртібі, «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшері бекітілді, 2022 жылғы екінші жартыжылдық үшін жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды, сонымен қатар «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар бекітілді. Жиналысқа қатысушылар «KEGOC» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы ақпаратты назарға алды.
«KEGOC» АҚ-ның бекітілген жылдық шоғырландырылған қаржылық есептемесіне сәйкес «KEGOC» АҚ-ның 2022 жылғы шоғырландырылған таза пайдасы 26,75 млрд. теңгені құрады. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы 2022 жылдың екінші жартыжылдығына 13,15 млрд. теңге мөлшерінде дивидендтер төлеуге шешім қабылдады, бұл бір жай акцияға есептегенде 50,59 теңгені құрайды.
Осылайша, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында бұрын төленген дивидендтерді ескере отырып - 17,01 млрд. теңге, 2022 жылға төленетін дивидендтердің жиынтық мөлшері «KEGOC» АҚ таза пайдасының 112,8% -ын немесе 30,17 млрд. теңгені құрайды, бұл бір жай акцияға есептегенде 116,03 (жүз он алты) теңге 03 тиынды құрайды.
2022 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындысына сай «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 2023 жылғы 12 мамырдағы 00 сағат 00 минуттағы жай-күй бойынша тіркелетін болады. Дивидендтерді төлеудің басталу күні - 2023 жылғы 15 мамыр.