«KEGOC» АҚ 2023 жылғы 12 желтоқсанда 2023 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша жай акцияларына дивиденд төленгені туралы хабарлайды.
«KEGOC» АҚ акционерлеріне дивидендтер төлеуге бағытталған қаражаттың жалпы сомасы 20 212 291 941,40 (жиырма миллиард екі жүз он екі миллион екі жүз тоқсан бір мың тоғыз жүз қырық бір теңге 40 тиын) теңге.
Бір жай акцияға шаққанда дивиденд мөлшері 77,74 (жетпіс жеті теңге жетпіс төрт тиын) теңге.
Дивиденд төленетін кезең 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 маусымды қоса алғанда.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивиденд алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 2023 жылғы 26 қыркүйектегі 00 сағат 00 минуттағы жайкүй бойынша тіркелді.