Kcell компаниясының шоғырландырылған қаржылық есебіне сәйкес, оператордың таза пайдасы 2026 жылдың I тоқсанында 4,3 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 258,1% көп.

«Kcell-дің үш айдағы табысы 67 млрд теңгеге жетіп, 13,7% өсті. Ал өзіндік құн небәрі 6% өсіп, 52,6 млрд теңгені құрады. Осы айырмашылық компанияның жалпы пайдасын күрт арттыруға мүмкіндік берді. Жалпы пайда 47,5% өсіп, 15,9 млрд теңгеге жетті. Операциялық пайда одан да жоғары қарқынмен өсіп, 86,8% артып, 12,1 млрд теңге болды», – дейді QAMS сарапшылары.

Kcell-дің 2026 жылғы І тоқсандағы негізгі көрсеткіштері:

  • Түсім – 67,0 млрд теңге, өсім 13,7%
  • Өзіндік құн – 52,6 млрд теңге, өсім 6,0%
  • Жалпы пайда – 15,9 млрд теңге, өсім 47,5%
  • Операциялық пайда – 12,1 млрд теңге, өсім 86,8%
  • Таза пайда – 4,3 млрд теңге, өсім 258,1%
  • EPS – 21,47 теңге.

EPS көрсеткішінің өсуі бір акцияға шаққандағы пайданы білдіреді. KCEL акцияларын ұстап отырған инвесторлар үшін бұл негізгі индикаторлардың бірі: көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, компанияның қаржылық нәтижесі соғұрлым мықты саналады.