Kcell ұялы байланыс операторы 2023 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында айтылған. Былтыр компанияның таза табысы 18,5% төмендеп, 40,3 млрд теңгеден 32,9 млрд теңгеге азайды.

27 мамырда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында 2023 жылға арналған таза табысты дивиденд ретінде бермеу және оны компанияның дамуына жұмсау туралы шешім қабылданды. Бөлінбеген табыс 103,5 млрд теңгеден 136,5 млрд теңгеге дейін өсті.

Сондай-ақ ұялы байланыс операторы 5G енгізу мен дамытуға байланысты 2022 және 2021 жылдарға дивиденд төлемеген. 

2022 жылдың мамыр айында директорлар кеңесі 21,5 млрд теңгені немесе шоғырландырылған таза кірістің 66 пайызын (32,5 млрд теңге) төлеуді ұсынды, бірақ шешім ешқашан қабылданған жоқ. Сол жылдың қараша айында басшы орган өткен кезеңдерден түскен пайданы бөлу мәселесін қарауды радиожиілік бойынша аукционның қорытындысы алынғанша кейінге қалдырды. 2022 жылдың желтоқсанында оны Kcell және Mobile Telecom-Service компанияларының консорциумы жеңіп алғаны белгілі болды.

2023 жылдың соңында Kcell таза табысын 40,3 млрд теңгеден 32,9 млрд теңгеге дейін қысқартты. Kcell-дің жалпы пайдасы (түсім мен өндіріс шығындары арасындағы айырмашылық) 10 млрд теңгеге азайып, 71,5 млрд теңгеге дейін төмендеді. Операциялық пайда (өткізуден түскен пайда) 60,2 млрд теңгеден 50,9 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Компанияның активі үштен бірге – 272,4 млрд теңгеден 391,2 млрд теңгеге дейін, міндеттемелер – 1,5 есе, 219,7 млрд теңгеге дейін, меншікті капитал – 1,2 есе, 171,5 млрд теңгеге дейін өсті. 

Негізгі басқарушы персоналға сыйақының жалпы сомасы 1,7 млрд теңгені (2022 жылы 1,4 млрд теңге) құрады. Негізгі басқарушы персоналға сыйақы жалақыдан, сондай-ақ жыл сайынғы жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақылардан тұрады.