18 наурыздан бастап Kaspi Bank акционерлерге 2023 жылға жай және артықшылықты акциялар бойынша бір бағалы қағазға 4 мың теңге көлемінде дивидендтер төлеуді бастайды, деп хабарлайды KASE.

KASE веб-сайтындағы мәліметтерге сәйкес, айналыста 18,3 миллион жай және 372,5 мың артықшылықты акциялар бар. Осылайша, төлемдердің жалпы сомасы 74 млрд теңге болуы керек.

Дәстүр бойынша Kaspi жылына төрт рет дивиденд төлейді. Мәселен, 2023 жылдың наурыз айында компания акционерлерге бір акцияға 4,9 мың теңге немесе 91,6 млрд теңге, маусымда – бір акцияға 5,1 мың теңге немесе 95,4 млрд теңге, қыркүйекте – бір акцияға 3 мың теңге немесе 56,15 млрд теңге желтоқсанда – 2,3 мың теңге немесе 43 млрд теңге төледі. 

Бір жылдағы дивидендтердің жалпы сомасы 286,15 млрд теңгені немесе 2022 жылғы пайданың 79,1%-ын құрады.