Kaspi Bank акционерлері 2021 жылдың II тоқсанының жай және артықшылықты акцияларына дивидент төлеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.
Бір акцияға 2800 теңгеден төленеді. Алайда төленетін жалпы сума нақтыланбаған.
2021 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша, компанияның биржаға шығарылған жай акцияларының саны 19 500 000 дана болса, артықшылықты акцияларының саны 500 000 дана. Ал жалпы жарияланған жай акцияларының саны 39 000 000 дана болса, артықшылықты акцияларының саны 500 000 дана.
Яғни, төленетін жалпы дивидент көлемінің 56 млрд теңге болатынын есептеп шығаруға болады.
Естеріңізде болса, былтыр қазанда компания IPO-ға шыққанда бір акцияның құны 40 доллардан астам болған, қазір бір акция 113,59 доллар тұрады.
Айта кетейік, «Kaspi Bank» АҚ 88,34% акциясы «KASPI GROUP» АҚ тиесілі.
Ұлттық банктің 2021 жылдың 1 шілдедегі мәліметінше, Каспи банктің активтерінің көлемі 3,2 трлн теңге, міндеттемелері 2,9 трлн теңге. Қарыз портфелі 1,8 трлн теңге, мерзімі өтіп кеткен несиелерінің көлемі 8,08%. Жеке тұлғалар салымы 2,4 трлн теңге. Өзіндік капиталы 303,9 млрд теңге.
2021 жылдың қаңтар-маусым аралығында банк 135,3 млрд теңге таза пайда тапты, ал екінші тоқсандағы көрсеткіші 71,8 млрд теңге.