01.10.2021 жылғы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда тізімдерінде 122 эмитенттің 137 акциясы болды, олардың 4 шығарылымы листингтік емес бағалы қағаздар секторында айналысқа жіберілген, деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
Есепті айда KASE ресми тізіміне жаңа акциялар енгізілген жоқ. 2021 жылдың қыркүйек айында KASE индексі 3 383,68 тармаққа дейін 6,7%-ға өсті, бұл көрсеткіштің өсуі 2021 жылдың басынан бері 26,5%-ды құрады.
01.10.2021 жылғы жағдай бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 2021 жылғы қыркүйекте 1,8%-ға ұлғайып, 28,9 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіштің өсуі 2021 жылдың басынан бастап 51,9%-ды құрады.
2021 жылғы қыркүйекте акциялармен сауда-саттық көлемі 2021 жылғы тамыздағы акциялармен сауда-саттық көлемінен салыстырғанда 7,3 есеге ұлғайып 87,3 млрд теңгені құрады.
2021 жылғы қыркүйекте KASE сауда-саттық тізімінде 74 эмитенттің 312 корпоративтік облигациялар шығарылымы болды. 2021 жылғы қыркүйекте жалпы сомасы 97,2 млрд теңгеге облигациялардың 6 шығарылымы орналастырылды, оның 68,2%-ы қаржы секторының компанияларына тиесілі.
KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 01.10.2021 жылғы жағдай бойынша 14,2 трлн теңгені құрап, 2021 жылғы қыркүйекте 5,6%-ға азайды. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 3,2%-ға төмендеді.
KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 2021 жылғы тамызбен салыстырғанда қайталама нарықтағы мәмілелер үлесінің азаюы есебінен 1,6%-ға төмендеп, 2021 жылғы қыркүйекте 191,7 млрд теңгені құрады.
Инвесторлардың негізгі санаттары бойынша корпоративтік облигациялардың қайталама нарығында банктердің үлесі 2,7%-ды, брокер-дилерлердің үлесі – 14,9%-ды, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі – 30,3%-ды, өзге заңды тұлғалардың үлесі – 50,4%-ды құрады, жеке тұлғалардың үлесі – 1,7%-ға тең. Бейрезиденттердің үлесі 8,7%-ды құрады
KASE-де сатылатын номинал бойынша мемлекеттік борыш сомасы қыркүйек айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,2%-ға төмендеп, 01.10.2021 жылғы жағдай бойынша 17,6 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіштің өсуі 2021 жылдың басынан бері 5,3%-ды құрады.
2021 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша KASE-те мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2021 жылғы тамызбен салыстырғанда 25%-ға азайып, 215 млрд теңгені құрады.
Қайталама нарықтағы инвесторлардың құрылымында ЕДБ үлесіне 49,7%, брокер-дилерлердің үлесіне – 7,4%, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 12,3 % тиесілі болды, өзге заңды тұлғалардың үлесі 30,3%-ды, жеке тұлғалардың үлесі 0,4%-ды құрады. Бейрезиденттердің қатысуы 7,8 %-ға бағаланады. Ұжымдық инвестициялар нарығында 01.10.2021 жылға 39 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 22 аралық, 16 жабық және 1 ашық.
Ұжымдық инвестициялар нарығында басқарудағы активтердің жиынтық көлемі өткен аймен салыстырғанда 7,2%-ға ұлғайып, 01.10.2021 жылы 434,14 млрд теңгені құрады.
Инвестициялық пай қорларының негізгі активі 367 млрд теңге көлеміндегі бағалы қағаздар болып табылады немесе жиынтық активтерден 84,5%-ды құрайды, бұл ретте портфельдің 98,8%-ы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздардан тұрады.
01.10.2021ж. жағдай бойынша Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын 37 брокер және (немесе) дилер (17 банк және 20 банктік емес ұйым), 10 кастодиан банк, 19 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ бірыңғай тіркеуші және сауда репозиторийі функцияларын орындайтын 2 инфрақұрылымдық ұйым: KASE және «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий) ұсынды. Бұдан басқа, KASE базасында орталық контрагент жұмыс істейді. 2021 жылғы қыркүйектің көрсеткішпен салыстырғанда Трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға «KCC Финанс» ЖШС-не лицензия беруге байланысты бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялардың саны 72-ге дейін ұлғайды.