Париж Олимпиадасында дзюдодан ел намысын қорғайтын Кәмиля Берліқаш дайындық барысы жайында айтты. Әсіресе, мемлекет тарапынан жасалатын материалдық  қолдау кәдімгідей жігерлендіретінін алға тартады. Бұл жөнінде ұлттық құрама өкілі «Спорт Министрі» YouTube арнасына берген сұхбатын мәлімдеді.

«Мен негізі ақшадан мотивация аламын. Ашығын айту керек, мемлекет тарапынан берілетін сыйақылар ынталандырады. Бұған қоса, Халықаралық дзюдо федерациясының да төлемдері жақсы. Мәселен, әлемдік гранд-слэмде топ жарған спортшыға 5 мың доллар қарастырған. Сонымен қатар, біздің федерация, яғни, Қазақстан дзюдо федерациясы биылдан бастап өз тарапынан гранд-слэмдегі сыйақы көлемінде қосымша төлем жасайды», — дейді Кәмиля Берліқаш.  


Айта кетейік, олимпиада чемпиондарына мемлекет тарапынан 250 мың АҚШ доллары қарастырылған. Күміс жүлдеге 150, ал, қола жүлдеге 75 мың доллар беріледі. Бұған қоса, спортшыны дайындаған бапкерлерге де арнайы төлемдер бар. 

Бас демеуші - «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

Серіктес - SportQory.