«Фридом Финанс» АҚ орнықты дамуды қолдау үшін ESG-облигацияларын орналастыруды өткізді
«Фридом Финанс» АҚ «Black Biotechnology» (BBT) ЖШС-нің соммасы 1,5 млрд теңге болатын үшжылдық «жасыл» облигацияларын «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның (KASE) алаңында өтеуге жылдық 21,5% кірістілікпен орналастырды. Аталған бағалы қағаздар Жасыл облигациялар қағидаттарына сәйкес келуіне байланысты олар ESG-облигацияларға жатқызылады, бұл Green Investment Group-тың «Жоғары/Өте жақсы» деңгейіндегі тәуелсіз бағалауымен расталды.
Шығарылым көлемі 2 млрд теңгені құрайды. BBT облигациялары бойынша купондық сыйақы жылдық 21,5% мөлшерлеме бойынша жылына екі рет төленетін болады, ол айналымның барлық үш жылдық кезеңіне тіркелген. Облигациялар BKBTb1 сауда коды бойынша KASE-нің ресми тізіміне енгізілген.
Купондық сыйақы мөлшерлемесін «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жылдық 15,5% мөлшерінде артықшылықпен субсидиялайтын болады, қалған жылдық 6,0%-на эмитенттің өзі қызмет көрсететін болады. Бұдан басқа, облигациялар бойынша міндеттемелердің орындалуына «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар» АҚ кепілдік берді, ол өзіне BBT-мен 1,5 млрд теңгеге (шығарылым көлемінің 75%-ы) дейінгі негізгі борышты төлеу бойынша қайтарымсыз ортақ міндеттемені қабылдайды. Оған қоса, облигациялар проспектісінде инвесторлардың мүдделерін қосымша қорғауды қамтамасыз ететін ковенанттар көзделген, олар бұзылған жағдайда ұстаушылар облигацияларды мерзімінен бұрын сатып алуды талап етуге құқылы. Ковенанттардың сақталуын бақылауды облигацияларды ұстаушылардың өкілі жүзеге асырады, өкіл ретінде Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың бірі әрекет етеді.
«Black Biotechnology» ЖШС «AL KARAL» брендімен өнім шығарады, оның тұтынушылары болып еліміздің ірі мал және өсімдік шаруашылығы кешендері табылады. BBT өніміне деген жоғары сұраныс өндірістің кеңеюіне ықпал етеді, осыған байланысты компания гумин заттар негізінде биологиялық жемшөп қоспалары мен органикалық тыңайтқыштар өндіретін жаңа зауыттың құрылысын бастамақ. Компания облигацияларды орналастырудан тартылған қаражатты, негізінен, зауыт құрылысына жұмсауды жоспарлап отыр, сол арқылы бұл қаражатты Жасыл, әлеуметтік және орнықты қаржы құралдары саласындағы саясатқа сәйкес пайдаланады.
Жүргізілген жазылым шеңберінде инвесторларға жалпы номиналды құны 1 млрд теңге болатын облигациялар ұсынылған болатын. Облигацияларды орналастыру барысында инвесторлар 1,5 млрд теңгеге 81 өтінім берді. Осылайша, сұраныс облигацияларды орналастыруға ұсынылған көлемнің 150%-ын құрады. Эмитент барлық қабылданған өтінімді қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Аукционның қорытындысы бойынша орналастырылған облигациялардың жалпы көлеміндегі жеке тұлғалардың үлесі 56%-ды, ал Freedom Broker клиенттерінің үлесі – 99,6%-ды құрады. Freedom Broker клиенттерінің осы орналастыруға қатысты жоғары қызығушылығы ұлттық даму институтының сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауының, тартылатын ақша қаражатының нысаналы мақсатындағы әрбір қазақстандыққа түсінікті негізгі борышты төлеу бойынша ортақ кепілдігінің және бәсекелес нарықтық купондық сыйақының бірегей үйлесімімен түсіндіріледі.
«Осындай ESG-қаржыландыру құралдарының көмегімен елімізде инвестициялау мәдениеті жалпы өсіп, сенімді тетіктердің ауқымы кеңеюде. Біз қор нарығында әлеуметтік жауапты бағалы қағаздарға деген сұраныстың өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Компанияның орнықты даму қағидаттарымен бірге жоғары тұрақты кірістілік және мемлекет тарапынан кепілдіктің болуы инвесторлардың үлкен назарын аударды. Эмитенттің өнімін нарыққа шығару «орнықты егіншілік» практикасының таралуына және қоршаған ортаға теріс әсері төмен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ көмір өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын қайталама пайдалануға ықпал етеді. Осы жасыл облигацияларды орналастыру ауыл шаруашылығы өнімділігін экологиялық тұрғыдан арттыру және айналмалы циклды экономика қағидаттарын іс жүзінде іске асыру арқылы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы кезекті қадам», - дейді «Фридом Финанс» АҚ Басқарма Төрағасы Сергей Лукьянов.
«Black Biotechnology» ЖШС-нің ESG-облигацияларын сатып алған Freedom Broker-дің бөлшек инвесторларының портреті:
- Ерлер – 63,9%, әйелдер – 36,1%.
- Жас мөлшері: 18-24 – 1,4%, 25-34 – 8,3%, 35-54 – 65,3%, 55+ – 25%.
Жауапты инвестициялау – Freedom Holding Corp. қызметінің басым бағыттарының бірі, оның бір бөлігі «Фридом Финанс» АҚ болып табылады. 2023-2027 жылдары холдинг халықаралық және ұлттық деңгейлерде 200 млрд теңгеге ESG-облигацияларға инвестициялау бойынша мақсат қояды. 2023 жылы жазда «Фридом Финанс» АҚ Қазақстанда KASE-де алғашқы корпоративтік гендерлік облигацияларды орналастырудың андеррайтері болды, оларды орналастырудан келіп түскен қаражат олардың мүмкіндіктерін кеңейту және гендерлік теңсіздікті қысқарту мақсатында әйелдерді бизнес-ортада қолдауға бағытталды.