2021-2025 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарына 675 мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор нысаны енгізілген. Оның 7-і республикалық, 250-і коммуналдық, 262-сі ұлттық холдингтер мен компанияларға, 156 нысан ӘКК-ге тиесілі. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді.
Бүгінгі күні Кешенді жоспар аясында жалпы сомасы 57 млрд теңгені құрайтын 240 нысан сатылып, кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді, 65 нысан аукционға, 36 нысан қайта ұйымдастыруға/таратуға жіберілді.
Биылғы жылдың соңына дейін тағы 199 нысанды сатылымға қою керек.
Дәурен Темірбековтің айтуынша, 40 нысанды, оның ішінде 14 жаңадан енгізілген нысандарды сату мерзімі әлі белгіленбеген. Бұл Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласындағы коммуналдық меншік объектілеріне қатысты.
Премьер-министр орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды күшейтуді тапсырды.