2026 жылдың мамыр айында Қазақстан банктерінің таза пайдасы 239,8 млрд теңгені құрады. Бұл – жыл басынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Дегенмен алғашқы бес айдың қорытындысы бойынша банктердің жиынтық пайдасы 1,04 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4% төмен болды. Бұл туралы Ұлттық банктің статистикасында көрсетілген.
Мамыр айында банктердің таза пайдасы сәуірмен салыстырғанда 18% өсіп, 239,8 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш жыл басынан бергі рекорд қана емес, 2025 жылғы мамырдағы 238,6 млрд теңгелік нәтижеден де жоғары болды.
Алайда жылдың алғашқы төрт айындағы әлсіз көрсеткіштердің салдарынан бес айдың қорытындысы бойынша пайда 2025 жылғы 1,14 трлн теңгеден 1,04 трлн теңгеге дейін төмендеді.
Жыл басынан бергі банктердің ай сайынғы таза пайдасы:
Қаңтар – 198,5 млрд теңге;
Ақпан – 190 млрд теңге;
Наурыз – 203,4 млрд теңге;
Сәуір – 203,6 млрд теңге;
Мамыр – 239,8 млрд теңге.