2023 жылдың 11 айында Қазақстан Республикасына 2,7 миллиард АҚШ доллары сомасы құрайтын 136,5 мың автокөлік әкелінген,
358,1 миллиард теңге кедендік баждар мен салықтар төленді, бұл өткен жылдың сәйкес кезенінен 2 есе көп. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1 355 млн.АҚШ доллары сомасын құрайтын 46,2 мың автокөлік әкелінген, 183,6 миллиард теңге кедендік баждар мен салықтар төленді.
Кедендік құн бақылауының қорытындысы бойынша қосымша -
49,4 миллиард теңге өндірілді (бастапқы сомасы 107,5 миллиард тенге, түзетулерді ескере отырып 156,9 миллиард теңге құрады).
Қазақстан Республикасында кедендік рәсімдеу электрондық түрде Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушысымен олардың цифрлік қолтанбасы арқылы тауарларға декларацияны өз бетінше кез келген жерден ұсыну және қол қою мүмкіндігі бар.
Әкелінетін автокөліктерді кедендік рәсімдеу ережелері өте қарапайым. Импортаушы тауарларды кедендік декларациялау кезінде оның кедендік құның көлік құралын сатып алуға жұмсаған шығындарды, сондай-ақ оны Қазақстанға жеткізумен байланысты шығындар ретінде анықтауға міндетті (көлік шығындары, сақтандыру төлемдері және т.б).
Сондықтан көлік құралын кедендік құнды қабылдау үшін оның құны сенімді, сандық және құжатталған ақпаратқа негізделуі керек.
Құжаттар ретінде: жөнелтуші елдің экспорттық декларациясы, шот-фактура, тауарды жеткізуге арналған көлік шығындары, сатып алушы мен сатушы арасындағы сатып алу-сату шарты, бантік аударым, аукциондық бет және т.б. қолданыла алады.