Премьер-министр Ә.Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Ә. Қуантыров 2022 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндады.

Салалар бөлінісінде көрсеткіштердің өсімі:

  • Нақты сектордағы өсім 3,4% құрады; 
  • Қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік – 2,5%;
  • Құрылыс – 8,6%;
  • Ақпарат және байланыс – 6,5%;
  • Сауда – 6,2%;
  • Көлік және қоймалау – 5,6%

Инвестициялар: 

  • Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 4,5% - ға жетті
  • Мемлекеттік басқару және әлеуметтік қамсыздандыру 99,2% өсім көрсетті
  • Білім беру – 74,8%
  • Сауда – 26,4%
  • Өңдеу өнеркәсібі оң қарқынын сақтап отыр: өсім - 4,9%.

Оң өсім 17 өңірде тіркелді. Өңірлер көрсеткіштері:

  • ШҚО – 15,3%
  • Алматы – 13,3%
  • Қостанай облысы – 12,3%
  • Абай облысы – 12,3%
  • Шымкент – 9,6%

Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша өсімі:

  • Автомобиль жасау – 19,6%
  • Компьютерлер, электронды және оптика құралдар жасау – 13,8%
  • Химия өнеркәсібі тауарлары – 10,6%
  • Сусындар – 9,1%
  • Машина жасау – 7,7%
  • Киім – 5,5%