2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банк секторының активтері ағымдағы жылғы тамызда негізінен несие портфелінің 1,7% өсуі нәтижесінде 0,3% немесе 148 млрд теңгеге ұлғайып, 46,7 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан бері 4,8% немесе 2,1 трлн теңгеге өсті).
Өтімділігі жоғары активтер 14,1 трлн теңгені немесе активтердің 30,3%-ын құрады, бұл банктерге клиенттер алдындағы өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
2023 жылғы тамызда екінші деңгейдегі банктер экономикаға берген кредиттер 2,3%, 25,4 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 11,5% өсім). Ұлттық валютадағы кредиттер 2,0%, 23,7 трлн теңгеге дейін, соның ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты 3,1%, әлсіреуі аясында валюталық қайта бағалау нәтижесінде шетел валютасындағы кредиттер 6,4%, 1,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Заңды тұлғаларға берілген кредиттер 2023 жылғы тамызда 1,5%, 8,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 1,0% өсті) Бұл ретте дара кәсіпкерлерді қоса алғанда, бизнес субъектілеріне берілген жиынтық кредиттер 2023 жылғы тамызда 1,9%, 10,1 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 4,8% өсті). ШОБ субъектілеріне қарыздар 2,0%, 6,6 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 9,0% өсті), ірі бизнеске берілген қарыздар 1,7%, 3,5 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 2,2% төмендеді).
2023 жылғы тамызда бизнес субъектілеріне 1 433 млрд теңге сомаға жаңа қарыздар берілген. Биыл 8 айда бизнес субъектілеріне 9 341 млрд теңге қарыз берілген, бұл 2022 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 18,0% артық.
Жеке тұлғаларға берілген кредиттер тұтынушылық қарыздардың 3,1%, 9,2 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен 2023 жылғы тамызда 2,7% ұлғайып, 16,7 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан 17,9% өсті).
Кредиттік портфельдің сапасы тұрақты болып қалуда. 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банк секторында мерзімі өткен берешегі 90 күннен асқан қарыздар (NPL 90+) деңгейі несие портфелінің 3,4%-ын немесе 921 млрд теңгені құрады (2023 жылғы 1 қаңтард бойынша – 3,4% немесе 815 млрд теңге).
ШОБ-ты есепке алғанда заңды тұлғалар портфелінде NPL90+ деңгейі 3,1%-ды немесе 351 млрд теңгені, жеке тұлғалар портфелінде 3,7%-ды немесе 570 млрд теңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып, 74,4%-ды құрайды (01.01.2023ж. – 76,9%).
Биыл тамызда банктердің меншікті капиталы 3,2% 6,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 17,2% өсті). 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,0%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 21,6%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.