2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша қазақстандық екінші деңгейлі банктердің пайдасы 1 трлн 052,4 млрд теңгені құрады. Бұл 2022 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда (354,7 млрд теңге) дерлік 3 есеге артық.
2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банк секторының активтері ағымдағы жылғы маусымда негізінен өтімді активтердің 4,5% өсуі нәтижесінде 2,6% немесе 1,2 трлн теңгеге ұлғайып, 46,6 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан бері 4,5% немесе 2,0 трлн теңгеге өсім).
Өтімділігі жоғары активтер 13,7 трлн теңгені немесе активтердің 29,4%-ын құрады, бұл банктерге клиенттер алдындағы өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
2023 жылғы маусымда екінші деңгейдегі банктер экономикаға берген кредиттер 1,2% 24,4 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 7,0%-ға өсу). Ұлттық валютадағы кредиттер 1,2% 22,7 трлн теңгеге дейін, шетел валютасындағы кредиттер 0,5% 1,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Заңды тұлғаларға берілген кредиттер негізінен жекелеген банктердің проблемалық берешекті баланстан тыс шоттарға есептен шығару нәтижесінде 2023 жылғы маусымда 0,7%, 8,8 трлн теңгеге дейін азайды (2023 жылдың басынан бері 1,3% өсім). Бұл ретте дара кәсіпкерлерді қоса алғанда, бизнес субъектілеріне берілген жиынтық кредиттер 2023 жылғы маусымда 1,0%, 10,0 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 4,0% өсім). ШОБ субъектілеріне қарыздар 0,1%, 6,4 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 6,9% өсім), ірі бизнеске берілген қарыздар 0,1%, 3,6 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 0,8% төмендеді).
2023 жылғы маусымда бизнес субъектілеріне 1 273 млрд теңге сомаға жаңа қарыздар берілген. Биылғы 6 айда бизнес субъектілеріне 6 835 млрд теңге қарыз берілген, бұл 2022 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 16,4% артық.
Жеке тұлғаларға берілген кредиттер тұтынушылық қарыздардың 2,2%, 8,5 трлн теңгеге дейін және ипотекалық қарыздардың 1,6%, 5,0 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен 2023 жылғы маусымда 15,6 трлн теңгені құрап, 2,3% ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 10,4% өсім).
Кредиттік портфельдің сапасы тұрақты болып қалуда. 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банк секторы бойынша мерзімі өткен берешегі 90 күннен асқан қарыздар (NPL 90+) деңгейі несие портфелінің 3,3%-ын немесе 853 млрд теңгені (2023 жылғы 1 қаңтарда – 3,4% немесе 815 млрд теңге) құрады.
ШОБ-ты есепке алғанда заңды тұлғалар портфелінде NPL90+ деңгейі 2,6%-ды немесе 291 млрд теңгені, жеке тұлғалар портфелінде 3,9%-ды немесе 562 млрд теңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып, 70,5%-ды құрайды (01.01.2023ж. – 76,9%).
Биыл маусымда банктердің меншікті капиталы 1,6%, 5,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 9,5% өсім). 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 18,6%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 21,4%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.
2023 жылғы маусымда банк секторының міндеттемелері клиенттер депозиттерінің өсуі есебінен 2,8%, 40,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 3,8%-ға немесе 1,5 трлн теңгеге өсу).
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2023 жылғы маусымда заңды тұлғалар депозиттерінің 1,9%, 31,2 трлн теңгеге дейін және жеке тұлғалар депозиттерінің 0,4%, 14,8 трлн теңгеге дейін өсуінің нәтижесінде 1,9%, 31,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Ұлттық валютадағы депозиттер 2023 жылғы маусымда 4,6%, 23,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер 5,0%, 8,3 трлн теңгеге дейін азайды. Нәтижесінде долларлану деңгейі 2023 жылғы 1 шілдеде 26,5%-ды құрады (2023 жылдың басында – 31,6%).
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2023 жылғы маусымда 14,6%-ды (2023 жылғы мамырда – 14,5%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 14,0%-ды (2023 жылғы мамырда – 13,8%) құрады.