Қытай Қазақстан үшін негізгі туристік нарықтардың бірі саналады. Былтыр қарашада Қазақстан мен Қытай азаматтары үшін 30 күнтізбелік күнге дейін өзара визасыз режим енгізілсе, биылдан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер саны артты. Қазіргі таңда Қазақстан – Қытай бағыты бойынша аптасына 44 рейс орындалады.
eQonaq жүйесінің деректері бойынша, биылғы 10 айда Қазақстанға ҚХР-дан 122 мыңнан астам турист келген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 64% көп. Былтыр 10 айда елімізде 78 515 қытайлық турист саяхаттаған.