Бірнеше минуттың ішінде бизнес ашып, банкке бармай оны қалай оңай басқаруға болады? Jusan Business қосымшасы аз ғана уақыт ішінде қазақстандық мобильді банкингтер рейтингісінде бірінші орынға қалай шықты? Революциялық өзгерістер тәжірибесімен Бизнеске арналған өнімдер әзірлеу департаментінің директоры Александр Уздяев бөлісті.

Бастаудың оңайлығы

Бизнес ашу күрделі міндет болуы мүмкін, бірақ Jusan Business банк қосымшасын пайдаланатын болсаңыз, бұл міндетті айтарлықтай жеңілдетуге болады. Елестетіп көріңізші: жұмсақ диванда смартфон ұстап жатасыз, ал бірнеше минуттан соң сізде тіркелген бизнес пен банк шоты болады. Қағаз ұстап алып жүгірудің, мемлекеттік мекемелерге барып, кезекте тұрудың қажеті жоқ — экранды бірнеше рет түртсеңіз болғаны.  Jusan Business дәл осындай мүмкіндік ұсынады, сол себепті болар,  Markswebb  компаниясы жүргізген тәуелсіз зерттеуге сәйкес, қосымшаның бизнеске арналған қазақстандық мобильді банкингтер арасында бірінші орын алғаны таңқаларлық жайт емес. 


«2023 жыл бойы біз бизнеске арналған 100% digital-офистің болуы үшін бар күшімізді салып жұмыс жасадық. Бұл дегеніміз, кез келген өнімді ешқайда бармай, санаулы минуттардың ішінде, бір де бір құжат апармай, кезекке тұрмай, тіпті электронды цифрлық қолтаңбасыз Jusan Business  қосымшасында ашуға болады деген сөз. Ол үшін өзіңізді биометрия арқылы сәйкестендіруден өткізу қажет, демек қолыңызда мобильді телефон және интернет болса жеткілікті. Барлық қажетті құжаттарды біз мемлекеттік деректер базасынан өзіміз тексеріп, видео арқылы сәйкестендіруден өтіп жатқан адамды ІІМ базасындағы деректермен салыстырамыз. Деректерге төнетін қауіп жоқ. Яғни сіздің деректеріңізді пайдалану арқылы бөгде адам тіркеліп, шот ашып, кредит ала алмайтындығын түсінуге болады», — дейді Александр Уздяев.

Бұл қосымша бизнеспен бұрыннан айналысып жүрген адамдарға ғана арналмаған. Кәсіп ашсам ба деген ойда жүрсеңіз, Jusan Business — ең жылдам әрі оңай жол. Бұдан былай құжаттарды жинаудың, мемлекеттік органдарға барудың қажеті жоқ  — сіз онлайн түрде ЖК немесе ЖШС жылдам тіркеп, бірден бизнесіңізді бастап кетсеңіз болады. 

«Нарыққа зерттеу жүргізген кезде біз «кәсіпкер болғым келеді» деген идея мен осыны іске асыру арасында апталарға созылуы мүмкін құжат жинау, ХҚКО-ға қайта-қайта бару секілді процестер болмау керектігін түсіндік. Біздің мобильді қосымшада бес минуттан аз уақыттың ішінде ЖК немесе құрылтайшысы бір адам болатын ЖШС ашуға, одан кейін шот ашып, кәсіпкерлік қызметті бірден бастап кетуге болады. Қазіргі уақытта жалпыға бірдей декларациялаудың енгізілуіне және мемлекеттің бизнесті ашық еткісі келетін жоспарына байланысты бұл мәселе өте өзекті деп санаймыз. Біз өз ісін дамытқысы келетіндерге көмек көрсетуге әрдайым дайынбыз», — деп атап өтті Jusan өкілі.

Jusan кәсібін енді бастағалы жатқан кәсіпкерлердің бухгалтерлік есеп пен салық салу төңірегіндегі алаңдаушылығын да түсінеді.  Сол себепті Jusan Business клиенттері тегін онлайн-бухгалтерия қызметін пайдалана алады. Сервис сіздің жеке бухгалтеріңіз іспеттес болады— салықтарды санайды, 910 ФСЕ қалыптастырады және кадрлық есепті жүргізуге көмектеседі. Салық төлемін ұмытып кетпеуіңіз үшін және айыппұлдар салынбауы үшін қосымша сізге ескертулер жіберіп отырады.

«Қарапайым банктің қазір ешкімге керек еместігі түсінікті жайт қой. Кәсіпкер бизнеспен ғана айналысқысы келетіндіктен, бірталай уақытты қажет ететін басқа ірілі-ұсақты жұмысты, яғни бухгалтерияны, салықты, төлемдерді біз өз мойнымызға алғымыз келеді, осылайша қажеттінің бәрі сіздің қалтаңыздағы смартфонның ішінде болмақ. Сүйікті кәсібіңізбен айналысуыңыз үшін біз кәсіпкердің уақытын айтарлықтай үнемдейтін сервистер санын ұлғайтуды жалғастырудамыз», — деді Александр Уздяев.

Цифрлық экожүйе

Jusan Business — бұл бүтіндей бір цифрлық экожүйе. Банк клиенттері бизнеске қажетті көптеген құрадар алады. Оның ішінде қолма-қол ақша шешіп алу үшін ғана емес, тауарлар, қызметтер сатып алу, шығындарды төлеу үшін пайдалануға болатын бизнес-карталар бар. Бизнес-картаны пайдалану ыңғайлы болуы үшін, оны Wallet-қа қосып, тауарлар/қызметтер ақысын Apple Pay немесе Google Pay көмегімен төлеуге болады. Тағы бір артықшылық— барлық операциялардан түсетін кешбэк.

Jusan командасы жүргізген зерттеулер кәсіпкерлер жинақтаған ақшасын депозитте сақтап, қажет кезде ғана белгілі бір сомаларды өздеріне аударып алғанды жөн көретінін көрсетті. Сол себепті Jusan Business бизнес-клиенттерге арналған салымдардың толықтай бір спектрін қалыптастырды—клиенттерге ақшаны ішінара алу мүмкіндігі қарастырылған және мұндай мүмкіндігі жоқ депозиттер, бір түнге ғана 20 млн теңгеден басталатын соманы алып, келесі күні таңертең есептелген пайыздармен қоса қайтарып алуға болатын овернайт-депозиттер ұсынылады. Jusan-да айтатындай, «сіз ұйқыда жатқан кезде банк сіз үшін табыс табуда».

Тағы бір пайдалы өнім—Tañda тарифтер конструкторы. Ол Jusan-ның әр клиентіне сатып алып жатқан қызметтер жиынтығына қарай қызмет көрсетудің өзіндік тарифін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте клиенттің өзіне қажет емес қызметтер қамтуы мүмкін дайын пакеттер сатып алуы міндетті емес, ол өз қажеттіліктерін, мәселен, бір айдағы транзакциялардың қажетті санын ескере отырып, өз пакетін қалыптастыра алады. Бұндай транзакциялардың бір айдағы саны пәтерді жалға өткізу кәсібін енді бастап жатқан ЖК үшін бірнешеу болса, ірі корпорациялар үшін шексіз болуы мүмкін. 

Банктің сұранысқа ие өнімдерінің бірі –Jusan Tole эквайринг сервисі. Бұл төлем қабылдауға арналған  pos-терминалдар ғана емес, қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз түрдегі төлемдерді, QR-кодтармен және бонустармен төлемді қабылдауға, кредитке және бөліп төлеуге сатып алуға мүмкіндік беретін тұтастай бір экожүйе. Рos-терминалға тапсырыс беру өте оңай— мобильді қосымшада өтінім қалдырсаңыз болғаны, терминалды дәл сол күні сізге әкеп береді. Содан кейін кәсіпкерлер өз бизнесін толықтай мобильді қосымшадан басқару —  кассаларды ашу және жабу, жұмыстың басталу және аяқталу уақытын белгілеу, әр терминалдың жұмысының статистикасын алып отыру мүмкіндігіне ие болады. 

Кез келген бизнестің негізі — бұл төлемдер және ақша аударымдары. Jusan командасы өз клиенттерінің қажеттіліктерін зерделеп, жүйені ақша транзакциялары барынша оңай және білінер-білінбестей жасалатындай ретке келтіруді бастады. Банкте 50 мың АҚШ долларына дейінгі шығыс валюта төлемдері автоматтандырылған, яғни олар ешқандай қолмен тексеруден өтпейді, банк менеджері растаушы құжаттарды ұсыну өтінішімен сізге қоңырау шалмайды, өз кезегінде бұл операциялардың жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді. Jusan Business қосымшасында жиі жасалатын төлемдерді қайталау оңай болуы үшін сәйкес шаблондар жасалған, себебі, банктің статистикасына сенсек, пайдаланушылардың басым көпшілігі жиі түрде бес негізгі транзакцияны жасайды екен. Өз клиенттеріне қамқорлық танытатын біздің банк тағы бір тамаша жетістікке жетті – Орталық Азияда бірінші болып халықаралық  SWIFT-ақша аударымдарын жасау кезінде төлемді алушының деректемелерін автоматты түрде тексеру сервисін іске қосты, ал тегін pre-validation  қызметі клиенттерді деректемелерді толтыру кезінде қате жіберуден қорғайды, бұл қателер тауардың ақысын уақтылы төлемеу, келісімшарт талаптарын бұзу және т.б. басқа сияқты себептерден кәсіпкерге келуі мүмкін шығындардан қорғайды. 

Артық ештеңе жоқ

Jusan-ның өз клиенттері үшін барынша пайдалы болу деген асқақ идеясы customer value management деп аталатын, клиентке арналған құндылықты басқару жүйесін әзірлеуге алып келді. 

«Біздің барлығымыз өзімізге қажет емес өнімдер мен қызметтерді ұсынып, жиі түрде қоңырау шалатын, SMS пен хабарламалар жіберіп жататын жағдайларды жиі кездестіреміз. Клиент күтетін нәтижелерді басқару жөніндегі сервисі жоқ компаниялар дәл осылайша әрекет етеді. Біз болсақ клиентіміз туралы барлық ақпаратты білеміз: ол қандай өнімдерді пайдаланады, оған не қажет. Сол себепті, клиентімізге қандай да бір жағдайға не өлшемшартқа байланысты кредит мақұлданбайтынын біле отырып, біз оған кредит туралы ұсыныс жібермейміз. Біз клиентке оның пайдалануы екіталай валюталық төлемдерді пакетке қосуды ұсынбаймыз және керісінше клиент тіпті пайдаланбайтын сервистер үшін артық төлемеуі үшін оған қандай қызметтерден бас тартқаны жөн екенін айтып береміз», — дейді Александр Уздяев.

Өнімдердің тұтас экожүйесін қалыптастырған Jusan «бір терезе» қағидатымен ең үздік сервисті бір жерде ұсына отырып өзінің кәсіпкер-клиенттері үшін негізгі банк болғысы келеді. Бұл жұмыс өз нәтижесін де беріп жатыр –банк статистикасына сенсек, Jusan-ды негізгі банк ретінде қарастыратын клиенттер саны, яғни оның екі не одан көп өнімін пайдаланатын клиенттер саны 2023 жылы жеті еседей артыпты. 

Цифрлық технологиялардың банк пен клиенттердің өзара іс-әрекетіне кірігуінің ағымдағы көрсеткіштері мынадай: клиенттердің 91%-ы банкке цифрлық арналар арқылы келеді, бизнес-кредиттердің 70%-дан астамы онлайн алынады, карталардың 76%-ы онлайн ашылады, төлем терминалдарының 85%-на онлайн тапсырыс беріледі. Жиі түрде жүргізілетін сауалнамалар клиенттердің 65%-ы Jusan Business-ті өз таныстарына ұсынуға дайын екендігін көрсетті, бұл нарықтың көшбасшыларына тән тұтынушылық бейілділіктің өте жоғары индексі болып саналады. 

Бұл цифрлық экожүйе әрдайым, 24/7 қолжетімді. Банктің сервистерінің қолжетімділік деңгейі 2023 жылы 99,85% құрады, бұл көбіне түнгі уақытта және демалыс күндері жүзеге асырылатын техникалық жұмыстар уақытында да клиенттер банк қызметтерін пайдалануды жалғастырып, аталмыш жұмыстарды байқамай қалатынын да білдіреді.  

Клиенттердің Jusan Business  мобильді қосымшасына қанағаттануының тағы бір индикаторы — AppStore және Google Play-дегі қосымшалар дүкенінде пайдаланушылардың қойған бағаларының бес балдық шкаламен есептегенде өткен жылдағы 3,3-тен 4,9-ға дейін өсуі. 

Банктегі цифрлық инфрақұрылымның табысты түрде даму факторларының бірі болып өнімдерді әзірлеудің оңтайландырылған жүйесі саналады, бұл жүйемен agile-командалар айналысады. Олардың әрқайсысы өз өнімі үшін жауап береді және клиенттердің бұл жүйені пайдалануының мінсіз тәжірибесін қалыптастырады. 

«Jusan Business-ті дамыту логикасы мынадай: жай ғана банк емес, кәсіпкерді оның ісінің басынан аяғына дейін алып жүретін толыққанды экожүйе болу: біз клиентке бизнесін тіркеуге, шоттар мен карталар ашуға көмектесеміз, жаңа жобаларға және касса айырмашылығын жабуға кредит береміз, қалдық ақшалардан қалай табыс табуға болатынын түсіндіреміз, төлемдер қабылдау жүйесін, кредитке және бөліп төлеу жүйесін ретке келтіреміз, тендерлік кепілдік беріп, жалақы жобасын ресімдейміз.  Клиенттер тарапынан келіп түсетін кез келген сұранысты орындауды қамтамасыз ету үшін біз өз сервистерімізді үздіксіз түрде жетілдіреміз. Себебі Jusan үшін клиенттерінің табысты болуы және олардың бизнестерінің өркендеуі –ең басты артықшылық», — деп қорытындылады Александр Уздяев. 

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.