Jusan Bank жеке кәсіпкерлердің тіркелу үрдісін жеңілдететін жаңа өнім ұсынып отыр. Енді бұл қызмет Jusan Business мобильді қосымшасында қолжетімді. Елде шағын және орта бизнестің дамуын ұдайы қолдап отыратын қаржы ұйымы, осылайша, кәсіпкерлердің тиімді жұмыс істеуіне қолайлы шешім жасап отыр.
Енді іс бастағандар бизнес үшін қажетті тетіктердің бәрі ұйымдастырылған бір ғана қосымшада тіркей алады. Jusan Business мобильді қосымшасының қарапайымдылығы мен ыңғайлығының арқасында бұл үрдіс тез әрі тиімді жүзеге асырылады.
«Jusan Business өз клиенттерінің кәсібін жүргізуінде қолдау мен қолжетілімділіктің жаңа деңгейін ұсынып отыр. Осылайша біз жеке іс бастағандардың өмірін жеңілдетуге ат салысамыз. Бұл Қазақстанда ШОБ секторын дамытуға қосқан үлесіміз әрі маңызды қадамымыз деп білеміз», - дейді Jusan Bank цифрлық өнімдерді құрастыру депаратментінің директоры Андрей Гусаков.
Банк тарапынан қолға алынған жаңашылдық елдегі шағын және орта бизнестің дамуын ынталандыруға көмектеспек. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметке келетін әрбір азаматтың уақыты мен өмірін жеңілдетуге сеп болмақ.
Жеке кәсіпкерлікті Jusan Business қосымшасы арқылы тіркеуге 5 минут уақыт кетеді. Ол үшін қосымшада тиісті қызмет түрін таңдап, жеке тұлғаңызды растап,қажетті салық режимін таңдап, сауаалнама толтыру қажет. ЖК тіркеу үшін аталған қадамдарды орындау жеткілікті. Айта кетсек, банктің заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге арналған қосымшасында өзге де ыңғайлы қызмет түрлері бар: онлайн-бухгалтерия мен транзакцияларды онлайн басқару, салықты автоматты түрде есептеу және т.б.
Қосымша ақпаратты біздің ресми сайтымыздан немесе банк бөлімшелеріне хабарласу арқылы біле аласыз.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.