SME Banking Agency ақпараттық-талдау агенттігі Қазақстандағы шағын және орта бизнеске (ШОБ) арналған цифрлық банкинг рейтингін таныстырды. «Бизнеске арналған үздік мобильді банк» аталымының жеңімпазы болып Jusan Business мобильді қосымшасы бар Jusan Bank атанды.

Сонымен қатар, Jusan Bank бизнес үшін ең қолайлы экожүйелер және шағын және орта бизнеске (ШОБ) арналған ең ыңғайлы цифрлық банктер тізімінде екінші орынға табан тіреді.

«Біздің мақсат – Jusan Bank клиенттерін қызметтің барлық кешенімен қамтамасыз ету. Оның ішіне бизнесті тіркеу және жүргізу үшін қаржылық және қаржылық емес шаралар кіреді. Осы орайда, Jusan Business қосымшасы кәсіпкерлікке қатысты озық шешімдерді талдауға және әзірлеуге маманданған беделді агенттіктен жоғары баға алғанына қуаныштымыз. Біз өз клиенттеріміз үшін сенімді серіктес болып қалу жолында сервистерімізді одан әрі жетілдіреміз», — деп атап өтті Jusan Bank көпшілік және бөлшек бизнеске арналған өнімдерді әзірлеу жөніндегі Басқарушы директоры Александр Уздяев.

Шағын және орта бизнес сегментімен жұмыс істеу — Jusan Bank үшін басым бағыттардың бірі. Jusan Business қосымшасының көмегімен бизнесті бірнеше минут ішінде онлайн түрде тіркеуге, шоттар мен карталарды ашуға, бухгалтерлік есеп жүргізуге, салық есептерін қалыптастыруға болады. Сондай-ақ, банктің экожүйесіне халық үшін ыңғайлы және тиімді онлайн сатып алу орны және кәсіпкерлер үшін маңызды өткізу арнасы саналатын маркетплейс кіреді.

Аталмыш агенттік рейтингті анықтау барысында Jusan Business қосымшасындағы инновациялық сервистерге назар аударған. Атап айтқанда, банк өз клиенттеріне сыртқы экономикалық қызметті (СЭҚ) жүргізу үшін бірқатар шешім ұсынады. Соның ішінде нақты уақыттағы төлем мәртебесін, автоматтандырылған валюталық төлемдерді, валюталық операциялар бойынша тиімді тарифтерді және СЭҚ бойынша жеке call-орталықты бақылауға мүмкіндік беретін SWIFT gpi-трекермен қамтамасыз етеді. 

Jusan Business-тің өзге де артықшылықтары жетерлік. Мәселен, мұнда бизнес үшін несиені онлайн рәсімдеу мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек, төлем терминалынына тапсырыс берілген күні қол жеткізуге болады.