Ресми статистика бойынша
Қазақстанда жыл сайын 13-15 мың
жол-көлік оқиғасы орын алады, алайда бұл тек денсаулыққа зиян келген оқиғаларды
есептегенде. Сақтандыру компаниялары мәліметінше жыл сайын елімізде жол бойында
60 мыңнан жоғары оқыс оқиға болады.
Қазақстанда апат болған жағдайда жапа шеккен тарапқа залалдың орнын толтыру
үшін әрбір жүргізушіде міндетті
автосақтандыруы болуы тиіс. Дегенмен, жол апатына кінәлі адам қираған
көлігімен жалғыз қалмас үшін не істеу керек?
Ұлттық банк ақпаратына сәйкес, апатқа кінәлі бола тұра төлем жасалатын
ерікті КАСКО автосақтандыруын таңдайтын жүргізушілер саны артып келеді.
«Өткен жылдан бастап
қазақстандық жүргізушілер КАСКО-ны рәсімдей бастады, өсім 50%-ды құрады. Оның
ішінде әрбір бесінші полис бізден, яғни «Евразиядан» сатып алынды. Ия, ерікті
сақтандыру міндетті сақтандырудан қымбатырақ, бірақ оның төлемақысы да жоғары,
онымен қоса көлігіңізді арнайы ТЖО-да қалпына келтіре аласыз. Осыған орай КАСКО
жаңа және қымбат машина иелерінің
таңдауына айналды», – деп айтты «Евразия» сақтандыру
компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Жантөреев.
Мәселен, ақпан айында «Евразия» сақтандыру компаниясы КАСКО ерікті
автосақтандыру полистері бойынша көлік апатына кінәлілерге бірқатар ірі
төлемдерді жүзеге асырды. Бірнеше мысал
келтірейік. 2021 жылғы Toyota Camry Алматыдағы «Восточка» бойында апат тудырғанына қарамастан, оның
иесі 5,4 млн теңге алды. 2021 жылы
шығарылған KIA CERATO жүргізушісі Қызылорда облысында абайсызда алдында келе
жатқан автокөлікке соғып, «Евразия» сақтандыру компаниясынан 5,1 млн теңге алды. Астанада 2022 жылы
шыққан Hyundai Sonata жүргізушісі жол бөлгішті
зақымдап, өз көлігін жөндеуге 5,6
млн теңге алды.
«Орташа баға сегментіндегі
автокөліктердің иелері КАСКО бағдарламаларына жиі жүгінеді - жөндеу құны өсуде,
ал міндетті автосақтандыру төлемі 2,07 млн теңгемен шектелген. Бұл ауыр апаттан
кейін көліктің жөндеуіне жеткіліксіз. Сонымен қатар, көліктер жол-көлік
апатынан ғана емес, қарақшылар мен өрттен, сондай-ақ жел немесе қар салдарынан
құлаған ағаштардан зардап шегеді», – деп қорытындылады «Евразия» сақтандыру
компаниясының өкілі.
КАСКО – икемді өнім, ол көлікті кішкентай және үлкен зақымданудан қорғай
отырып, қажетті тәуекелді жабуды таңдауға мүмкіндік береді. Сақтандыру
қорғанысы айналарға, шыны тазалағыштарға, дөңгелектерге, қалыптарға,
эмблемаларға, терезе дефлекторларына және тағы басқаларына қолданылады.
2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында «Евразия» сақтандыру компаниясы КАСКО
полистері бойынша автокөлік иелеріне 281
млн теңге төледі. 2022 жылы ерікті автосақтандыру бойынша компания
рекордтық 3,25 млрд теңге төледі.