ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) мәліметінше, биыл қарашаның соңында Қазақстанда шет тілі курстары бір жылда 11,8% қымбаттады.
Өңірлер бойынша ең көп Жетісу өңірінде қымбаттады: бірден 60%. Одан кейін Алматы қаласы (25,9%), Қарағанды (20,1%), Қостанай (17,4%) және Атырау (16,1%) облыстары.
Шет тілі курстары ең аз қымбаттаған өңір Қызылорда облысы: 1,6%. Үш өңірде – Астана, Шымкент және Алматы облысында баға өткен жылдың қараша айындағы деңгейде қалды.
Биыл үшінші тоқсанда ҚР-да тіл курстарын қамтитын қосымша білім беру қызметі көлемі 10,3 млрд теңгені құрады, бұл былтырғыдан 5,2% көп.
Өңірлер бойынша мұндай қызмет ең көп саны Алматы қаласында көрсетілген: 3,4 млрд теңге, жылдық өсім 22,6%. Одан кейінгі орында Астана (3,4 млрд теңге, 20,2% азайған) және Атырау облысы (1,4 млрд теңге, 45,2% көбейген). Қосымша білім беру қызметі ең аз Жетісу облысында көрсетілді: 19,5 млн теңге – былтырғыдан 10% аз. Шығыс Қазақстан облысында бұл салада қызмет көрсетілмеген.
Саладағы жеке компаниялардың қызметі 6,1 млрд теңгені, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі 3,9 млрд теңгені, шетелдік компаниялардың қызметі 236,3 млн теңгені құрады. Шағын кәсіпорындар 7,9 млрд теңгенің, орта кәсіпкерлік 2 млрд теңгенің, ірі кәсіпорындар 353,9 млн теңгенің қызметтін көрсетті.