2024 жылдың қаңтарында Қазақстанда жолаушылар әуе көлігі қызметі бір жылда 9,2% қымбаттады.

Өңірлер бойынша бағаның өсуі Атырау облысында байқалды: 37,5%. Одан кейін Маңғыстау облысы (20,4%) және Шымкент (20,2%).

Солтүстік Қазақстан облысында баға 2023 жылғы қаңтардағы деңгейде қалды. Еліміздің 20 өңірінің 7-де жолаушылар әуе көлігінің қызметі арзандаған. Бағаның ең көп төмендеуі Абай (45,2%), Батыс Қазақстан (24,4%) және Жамбыл (14,1%) облыстарында байқалды.

Биыл қаңтарда әуе компаниялары 1,2 млн адамды тасымалдады, бұл бір жыл бұрынғыдан 27,3% артық. Бұл соңғы бірнеше жылдағы рекордтық көрсеткіш.

Жолаушылар айналымы 2,3 млрд жкм құрады, бұл 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 18,7% артық.

Жүк тасымалына келетін болсақ, қаңтарда әуе көлігімен 1,7 мың тонна жүк пен багаж тасымалданды, бұл бір жыл бұрынғыдан 10,5% аз.

Биыл қаңтарда жүк айналымы 3,9 млн ткм болды, бұл былтырғы қаңтармен бірдей.

Жалпы, кәсіпорындардың тасымалдаудан түскен табыс 65,7 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде жолаушы тасымалдаудан түскен табыс бірден 64,7 млрд теңгені, жүк тасымалдаудан түскен табыс небәрі 1 млрд теңгені құрады. Жүргізушімен көлікті жалға алудан түскен табыс 663,6 млн теңгені құрады.