2024 жылғы II тоқсан қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған жастардың саны 3,6 млн адамды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8% өскен.

Жастардың 46%-да жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, 48% — техникалық кәсіптік білімі бар.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жастардың ең көп саны келесі салаларда еңбектенеді: көтерме және бөлшек сауда, автокөлік жөндеу (643 мың адам), білім беру (438 мың адам) және өнеркәсіп (416 мың адам).

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 3,2% (2023 ж. ІІ тоқсан – 3,6%).

Жұмыспен қамтылған жастардың жас құрамын қарастыратын болсақ, 2023 жыл қорытындысы бойынша негізгі үлес (50,4%) 29-34 жас тобы аралығындағыларға келеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдан бастап Қазақстанда жастардың жасы 35 жасқа дейін ұзартылды.