Бүгін Қазақстан Республикасының Қытаймен визасыз сапар – 10 қарашадан бастап күшіне енетіні жарияланды. Енді қазақстандықта Қытайға барып, 30 күнге дейін визасыз бола алады.
Ал қытайлар 2022 жылдың шілдесінен бері осындай құқыққа ие, алайда мерзім 30 күн емес, 14 күн.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасындағы қонақүйлер мен басқа да орналастыру орындарына 39 мың Қытай азаматы орналасты. Бұлар осы кезеңде тіркелген барлық шетелдіктердің 7,6%-ы.
Бір жағынан үлес онша үлкен емес, екінші жағынан Қытай азаматтары ресейліктерден кейін екінші орында тұрды. Келген шетелдіктердің 45,3%-ы Ресей азаматтары.
Түркия үшінші орында. Олардың үлесі келген шетелдіктердің 5,2%-ы.