2023 жылдың бірінші тоқсанында жарнама агенттіктері көрсеткен қызмет көлемі 85,4 млрд теңгені құрады. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бұл шамамен 77% немесе 37 млрд теңгеге артық, деп хабарлайды статистика бюросы.
Қазіргі деңгей – соңғы алты жылдағы рекордтық көрсеткіш. 2018-2022 жылдары көрсеткіш орташа 44,9 млрд теңгені құрады.
Жарнама агенттіктерінің бизнесі 2020 жылдың соңынан бері қарқын алды. Соңғы 10 тоқсанның 9-да олардың кірісі 60 млрд теңгеден асты.
Нарықтың бұлай өсуі осы саладағы компаниялардың санының өсуімен байланысты.
Республикада тіркелген жеке кәсіпкерлердің саны жыл сайын үштен бірге өсуде