Бір жылда (2023 жылғы сәуір 2022 жылғы сәуірге) пәтерлерді қайта сату бағасы – 3,8%, жаңа тұрғын үйлерді сату 7,8% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы сәуірде 27,6% артты.
Өңірлер бөлінісінде жаңа пәтерлер бағасы жылдық мәнде Ақтөбе – 25,4% және Ақтау – 24,8% қалаларында едәуір қымбаттады.
Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімі Семей (31,6%), Қызылорда (30,2%), Ақтау (24,8%), Қостанай (23,2%) және Ақтөбе (22,4%) қалаларында байқалды.
Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында баға Көкшетау (45,5%), Петропавл (45,2%), Алматы (43,9%), Ақтау (41,1%) және Қостанай (40,8%) қалаларында айтарлықтай өсті.
Бір айдың ішінде (2023 жылғы сәуір 2023 жылғы наурызға) тұрғын үй нарығында арзандау барлық сегментте байқалды. Атап айтқанда, жаңа тұрғын үйді сату бағасы 0,6%, пәтерлерді қайта сату 1,5% төменедеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда сәуірде 0,5% арзандады.
Бұл ретте, сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өсті. 2023 жылғы сәуірде сатып алу-сату бойынша 31 445 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 096 және пәтерлер бойынша 23 349 мәміле жасалды.
2023 жылдың наурызымен салыстырғанда (24 273) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 29,5% өсті. Мәмілелер саны бойынша Алматы (5 559 – 17,7%) және Астана (4 772 – 15,2%) қалалары көш басында. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 342 бірлік (1,1%).
2023 жылдың наурыз айымен салыстырғанда сәуірде ең көп өсім Қостанай (46,2%), Маңғыстау (45,5%) және Ақтөбе облыстарында (45,2%) тіркелді. Сонымен қатар, оң көрсеткіш еліміздің барлық аймағында байқалды.
2023 жылдың наурызымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 29,7% (5 351 мәмілеге) өсті. Сәуір айында пәтерлер бойынша барлығы 23 349 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 74,3%-ы. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, сәуір айында олардың 8 830-ы ресімделді. Сауданың негізгі үлесі Алматы және Астана қалаларына (41,2%) тиесілі.
2023 жылдың наурыз айымен салыстырғанда, жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 29% (1 821 мәмілеге) өсіп, 8 096-ны құрады. Өсім барлық аймақ бойынша тіркелді, сандық мәнде ең үлкен өсім Алматы (+248 мәміле), Маңғыстау (+142 мәміле) облыстарында және Шымкент (+131 мәміле) қаласында байқалды.
2023 жылдың сәуірінде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы тиісті айымен салыстырғанда 40,1%-ға азайған, ол кезде 52 520 мәміле ресімделген болатын. Төмендеудің ең үлкен көрсеткіші Қарағанды облысында (-68,2%) байқалды. Сонымен қатар, теріс көрсеткіш еліміздің барлық аймағында тіркелді. 2023ж. қаңтар-сәуір айларындағы мәмілелер саны 2022ж. қаңтар-сәуірмен салыстырғанда да теріс динамика көрсетті – -48%.