Республикада жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны бір жылда 7,9%-ға өсіп, 2022 жылғы мамырда 367,6 мыңға жетті, деп хабарлайды finprom.kz.
Жұмыс істеп тұрған уақыты бойынша кәсіпорындардың көпшілігі 1-5 жылғылар. Олардың саны 139,6 мың. Көрсеткіш 2021 жылдың мамырымен салыстырғанда 7,5% көп.
Екінші орында 6-10 жылдық компаниялар (73,3 мың) және 11-15 жыл жұмыс істеп тұрғандар (45 мың).
Ашылғалы бір жыл толмаған 44 мыңға жуық кәсіпорын бар, бұл бір жыл бұрынғыдан 12%-ға артық.
Жасы 25 жастан асқан «ардагер» кәсіпорындардың саны небәрі 6,7 мыңды құраса, бір жылда олардың саны 36,3 пайызға артқанын айта кету керек.
Соңғы бір жылда, яғни 2022 жылдың мамырына дейін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жартысынан сәл астамы Алматы мен елордада ашылды. Алматы қаласында 1 жасқа дейінгі заңды тұлғалардың саны 12,6 мыңды немесе қаладағы барлық жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 13,5%-ын, Нұр-Сұлтанда – 9,9 мыңды немесе 14,9%-ды құрады.
Барлық «жаңадан келгендердің» ең азы Қызылорда облысында (821 кәсіпорын немесе жұмыс істеп тұрған бизнестің жалпы көлемінің 9,5%), сондай-ақ Атырау облысында (840 кәсіпорын немесе облыстағы барлық жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың 8,2%) болды.