2021 жылғы ІV тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 275580 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2020 жылғы тиісті тоқсанға 118,2%, ал нақты жалақы индексі 108,7% құрады.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 546,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2 есе жоғары), қаржы және сақтандыру қызметінде – 520,7 мың теңге

(1,9 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 442 мың теңге (1,6 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 370,1 мың теңге (1,3 есеге сәйкес). Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде – 167,3 мың теңге және сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау бойынша – 169,1 мың теңге белгіленді.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы орташа айлық жалақы Атырау облысында белгіленді – 420,4 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,5 есе жоғары. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 203 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 26,3% төмен.

Блтырғы осы уақытпен салыстырғанда ең көп көбейген өңірлер Жамбыл облысы. Мұнда жалақы былтырғымен салыстырғанда 27,5% көбейген. Ал Алматы облысында 27% артқан. Түркістан облысында да 24,7% ұлғайды. 

Ал ең аз көбейген өңірлер Атырау (11,4%) және Маңғыстау облыстары (13,2%).