Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлерді қалпына келтіруге ірі кәсіпорындар 250,5 млрд теңге бөлді.
Үкіметтің тізіміне елдегі ең бай адамдар – Вячеслав Ким, Тимур және Динара Құлыбаевтар, Ғалымжан Есенов, Айдын Рахымбаев, Владимир Ким, Эдуард Огай, Олег Новачук, Тимур Турлов және т.б. бар.
Сондай-ақ онда 7 млрд теңгемен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Samruk-Kazyna Trust» бірыңғай қайырымдылық операторы (15 млрд) көрсетілген.
Ең көп Тимур мен Динара Құлыбаевтар (30,3 млрд теңге) қосса, Владимир Ким, Эдуард Огай және Олег Новачуктың жалпы сомасы 40 млрд теңгеден артық берген.
Еске салайық, Тоқаев сәуір айында Forbes тізіміндегі бизнесмендерді су тасқынынан зардап шеккен өңіодерге бекітіп берген.