Қазақстанда ай сайынғы инфляция соңғы 6 айда алғаш рет үдей түсті.
Статистика бюросының дерегінше, шілдеде бағаның өсуі айлық мәнде 0,6%-ды құрады. Бұл бір ай бұрынғыдан 0,1 пайыздық тармаққа көп және соңғы алты айдағы алғашқы үдеу.
Азық-түлік емес тауарлар 0,7% (маусымда да осындай болған), ақылы қызметтер 1% (+0,4 пайыздық тармаққа көбейді) қымбаттады. Азық-түлік – 0,1% (0,1 пайыздық тармаққа төмендеді) қымбаттады. Бұл көңіл қуантады, өйткені соңғы рет 2019 жылы жаздың екінші айында азық-түлік бағасының мұндай төмен өсу қарқыны байқалды.
Бірақ жылдық инфляция 5 ай қатарынан баяулап келеді. Шілдеде ол 0,6 пайыздық тармаққа төмендеп, 14% деңгейінде болды.
Жылдық мәнде азық-түлікке жатпайтын тауарлар бәрінен де қымбаттады – 15%(-0,8 п.т). Азық-түлік бағасының өсуі соншалықты байқалмағанымен, 13,5% (-1,1 п.т.). Шамамен бірдей ставкаларды ақылы қызметтер көрсетті – 13,6% (+0,3 п.т.).