2022 жылғы наурызда инфляция жылдық есептеуде – 12%, бір айда 3,7% құрады (осыған ұқсас мән 2015 жылдың қараша айында тіркелген).
2022 жылғы наурызда 2021 жылғы наурызбен салыстырғанда баға азық-түлік тауарларына 15,4% жоғарылады. Бағаның өсуі құмшекерге – 51,5%, жаңа жиналған көкөністерге – 44%, картопқа – 37,8%, құс етіне – 25,5%, күнбағыс майына – 23,8%, жармаларға – 22,2%, макарон өнімдеріне – 17,7%, қой етіне – 16,7%, жылқы етіне – 15,1%, ұнға – 15%, тоқаш және ұннан жасалған өнімдерге – 13,6%, пастерленген сүтке – 13,1%, ет өнімдеріне – 12,6%, қышқыл сүт өнімдеріне – 12,5%, жаңа жиналған жемістерге – 12,2%, қатты ірімшікке – 12,1%, ,нанға, сары майға – 11,4%-дан, кондитерлік өнімдерге – 11,3%, шошқа етіне 11,1% байқалды. Минералды және ас су – 15,9%, темекі өнімдері – 15,2%, салқындатылған сусындар – 14,3%, алкольді сусындар 9,6% қымбаттады. Бағаның төмендеуі жұмыртқаға 4,6% байқалды.

2022 жылғы наурызда (2021 жылғы наурызға) баға өсімі азық-түлік емес тауарларға 10,9% құрады. Баға деңгейі тұрмыстық аспаптарға – 27,8%, автомобильдерге – 19,8%, жиһаз және үйге қажетті заттарға, құрылыс материалдарына – 11,8%-дан, жуғыш және тазалағыш заттарға – 10,8%, жеке қолданылатын тауарларға – 10,2%, тоқыма бұйымдарына – 7,1%, фармацевтикалық өнімдерге 5,8% өсті.
Бір жылда (2022 жылғы наурыз 2021 жылғы наурызға) баға ақылы қызметтерге 8,3% өсті. Баға деңгейі санаторийлердің қызметтеріне – 11,5%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 11,3%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 9,7%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 8,9%, қонақ үйлер қызметтеріне 6% өсті. Жолаушылар көлігі қызметтері 4,7% қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр энергиясына – 10,6%, қоқыс шығаруға – 8,8%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 3,2%, суды бұруға 1,1% жоғарылады, ал орталықтан жылытуға – 2,2%, ыстық суға 1,1% төмендеді.