Ойын-сауық іс-шараларына билеттерді онлайн сату болашақта нарықтың 100%-ын алуы мүмкін.

Бұл туралы ойын-сауық билеттерін сату нарығының көшбасшысы Freedom Ticketon компаниясы мәлімдеді. Қазіргі уақытта нарықтың белгілі бір санаттары бұл көрсеткішке жақындап келеді.  

Freedom Ticketon компаниясының бас директоры Виктория Торгунакова түсіндіргендей, «Қазір ойын-сауық нарығының кейбір сегменттері үшін билеттерді сату толығымен онлайн режиміне өтті. Мысалы, 2023 жылы концерттерге онлайн билеттерді сату 90%-дан жоғары болды, екінші орында театрлар – 85%-дан жоғары, спорттық іс-шаралар 78% және кинотеатрлар 45% болды. Яғни, қазіргі таңда нарық онлайн сатылымдарға бет бұруда». 

Бұл үрдіс цифрлық сатумен айналысатын компаниялар үшін өте қолайлы. Осылайша, құрылғанына 12 жыл болған Freedom Ticketon өзінің даму барысында тікелей ойын-сауық көрсетілімінде (сахнада әртістердің қатысуымен тікелей эфирдегі іс-шаралар) онлайн-сатылым нарығының 80% үлесіне жетті. Компания осы уақыт аралығында ойын-сауық шараларына 16 миллионнан астам билет сатты, оның 3,7 миллионы былтырғы жылы сатылған билеттер. 2023 жылы Freedom Ticketon сайтын айына 2,2 миллион бірегей қолданушылар пайдаланды, ал іс-шара афишаларының қаралым саны ай сайын ондаған миллион беттен асады. Бұл көрсеткіш бір кездері мүмкін емес болып көрінгенімен, осы деңгейге жету мына шараларды қолданудың арқасында жүзеге асты: мәдени нысандардың техникалық базасын жаңарту, билеттерді сату жүйесін автоматтандыру, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және жүйе қолданушыларына билеттерді онлайн сатып алудың артықшылықтары жайында ақпарат беру.

Нарықтың өсу әлеуеті зор: Қазақстанда ойын-сауық пен уақыт өткізуге арналған шығынның  жалпы үлесі барлық шығынның 2%-ын ғана құрайды. Мысалы, Швецияда бұл үлес 18,7%-ды, ал Ұлыбританияда 13%-ды құрайды. 

Нарық шынымен де өсіп келеді. Виктория Торгунакованың айтуынша, «2023 жылы оның айналымы 57 млрд теңгені құрап, 2022 жылға қарағанда 30%-ға артқанын көрсетті. Биыл біз 22% өсімді күтудеміз». Оның айтуынша, нарықтың өсуі саланы цифрландыру және халық арасында онлайн сатып алудың танымалдылығының артуында. «2023 жылы Freedom Ticketon-ның клиенттік базасы 1,1 млн пайдаланушыдан 1,6 млн-ға дейін өсті. Қазіргі таңда пайдаланушылар саны 1,8 млн астам. Біздің компания да, нарық та алдағы уақытта өз өсімін жалғастыратынына сенімдімін», — деп атап өтті спикер. 

«Біз нарықтан сәл алда келеміз, — дейді Виктория, — егер нарық 2022 жылдан 2023 жылға дейін 30%-ға өскен болса, онда біз осы кезеңде айналымды 66%-ға, 11 млрд теңгеден 19 млрд теңгеге дейін ұлғайттық. Егер біз жұмысымыздың алғашқы жылымен салыстырсақ, 2012 жылдан бастап біздің айналымымыз 623 есе өсті!»

Бұл ретте қызметкерлер штаты 17,5 есеге ғана өсті  және бүгінгі таңда компанияның Орталық Азияның 4 еліндегі кеңселерінде жұмыс істейтін  қызметкерлердің саны небәрі 70 адамды құрайды. Мұндай нәтижеге  жұмыс процестерін оңтайландыруды цифрландыру арқылы қол жеткізілді.

Билет сатумен айналысатын ірі қызметтер нарықта ойын-сауық іс-шараларына билеттерді сатып қана қоймай, сонымен қатар, оларды ұйымдастыру бойынша өздерінің жұмыс ауқымдарын кеңейтуде. Осылайша 2023 жылы Freedom Ticketon американдық әнші Jason Deruloның концертін ұйымдастырды. Ал 2024 жылы әлемдік рок аңызы неміс  тобы Scorpions концертін бірлесіп ұйымдастырды. Нарықтың өсуінің айқын көрсеткіші: бір концерттің айналымы 1 миллион доллардан асты, ал компанияның ойын-сауық іс-шараларына арналған онлайн-сатылымның алғаш шыққан күндерінде осындай көрсеткішке жету үшін үш жылдық жұмысты қажет еткен еді (2012 жылдан 2014 жылға дейін).