Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 1,1%-ға азайып (жылдық мәнде өсу 18,2% болды), 2022 жылғы қаңтардың соңында 26 809,2 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 13 885,1 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға артты, жеке тұлғалардың депозиттері 12 924,1 млрд теңгеге дейін 2,6%-ға төмендеді.
Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 17 268,3 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға азайды, шетел валютасында 9 540,9 млрд теңгеге дейін 2,3%-ға азайды. Долларландыру деңгейі 2022 жылғы қаңтардың соңында 35,6% (2021 жылғы желтоқсанда – 36,0%) болды.
Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2022 жылғы қаңтарда 8 942,6 млрд теңгеге дейін 3,6%-ға артты, шетел валютасында – 4 942,6 млрд теңгеге дейін 5,1%-ға (заңды тұлғалар депозиттерінің 35,6%-ы) төмендеді.
Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 8 325,8 млрд теңгеге дейін 4,4%-ға азайды, шетел валютасында 4 598,3 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға ұлғайды (жеке тұлғалар депозиттерінің 35,6%-ы).
Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 0,2%-ға азайып, 17 866,6 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 11 490,6 млрд теңге, шетел валютасындағы салымдар – 6 376,0 млрд теңге болды.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2022 жылғы қаңтарда 7,9% (2021 жылғы қаңтарда – 7,2%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,5% (9,4%) болды.