2020 жылмен салыстырғанда былтыр қант және кондитер өнімдерінен басқа азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткішінің төмендеуі байқалды.
Азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну
(халықтың орташа жан басына шаққанда) кг

Маңызы бар азық-түлік өнімдері топтарының ішінде тұтыну көрсеткіші сүт және сүт өнімдеріне 6,3%, нан және жарма өнімдеріне 4,7%, ет және ет өнімдеріне 1,7% төмендеген.
2021 жылы бір айда орташа есеппен халықтың жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша тұтынуы: картоп – 3,9 кг, бірінші сұрыптағы бидай ұнынан пісірілген нан – 2,8 кг, сиыр еті – 2кг, алма - 1,6 кг, күріш, құмшекер – 1,3 кг, шикі сүт, айран – 1,3 л, жұмыртқа – 16,2 дана, макарон – 0,9 кг, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг, қара шай – 0,1 кг.
Қала және ауыл халқының азық-түлік өнімдерінің негізгі топтарын тұтыну көрсеткішін салыстырғанда ең жоғары айырмашылық жұмыртқа, нан және жарма өнімдері, сондай-ақ жемістерді тұтыну бойынша байқалады.