Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы халық пен бизнестің ел банктеріндегі депозиттерінің өсу динамикасы туралы есебін жариялады. Хабарламаға сай, депозит өсімі бойынша ислам банктері көш бастады.

Бөлшек сегментте 2024 жылдың тоғыз айындағы депозиттердің өсімі бойынша көшбасшылар:

  • Заман-Банк Ислам банкі – 10 740%;
  • Алматыдағы Қытайдың өнеркәсіп-сауда банкі – 38%;
  • Home Credit Bank – 32%;
  • Bereke Bank – 31%;
  • KZI Bank ҮБ– 26%.

Halyk Bank, ЦентрКредит банкі, Bank RBK депозиттерінің көлемі 12%, Kaspi Bank 11%, Фридом банкі 10% өсті.

Корпоративтік сегментте депозит өсімі бойынша көшбасшылар мынадай:

  • ADCB Ислам банкі (бұрынғы Al Hilal Bank) – 143%;
  • Заман-Банк Ислам банкі – 133%;
  • Шинхан Банк Қазақстан – 89%;
  • Home Credit Bank – 47%;
  • Bereke Bank – 38%;

Одан кейін ForteBank (+30%), Фридом банк және Нұрбанк (әрқайсысы 24%), ЦентрКредит банкі (17%) және Отбасы банкі (16%) болды.

Осы динамикаға қарамастан, депозиттік портфель бойынша үздік 5 банк: Halyk Bank, Kaspi Bank, ЦентрКредит банкі, ForteBank және Отбасы банк.