Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – МҚҚЖҰ) активтері ағымдағы жылғы 3-тоқсанда 5,4%-ға немесе 131 млрд теңгеге (2023 жылдың басынан бері 21,4%-ға өсу) өсіп, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 2,6 трлн теңгені құрады. Активтердің ұлғаюы микроқаржы ұйымдары кредиттік портфелінің өсуімен байланысты.
МҚҚЖҰ құрылымында активтердің ең көп бөлігі микроқаржы ұйымдарына тиесілі – 1 361 млрд теңге немесе 53,2%, кредиттік серіктестіктер – 896 млрд теңге немесе 35,0%, ломбардтар – 303 млрд теңге немесе 11,8%.
МҚҚЖҰ-ның несие портфелі ағымдағы жылғы 3-тоқсанда 5,6%-ға 2,4 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 15,8%-ға өсу).
Заңды тұлғаларға берілген қарыздар 2023 жылғы 3-тоқсанда 2,3%-ға 804 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 10,1%-ға өсу).
Жеке тұлғаларға берілген қарыздардың көлемі ағымдағы жылғы 3-тоқсанда 9,5%-ға ұлғайып, 2023 жылғы 1 қазанда 1,3 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан бері 13,7%-ға өсу). Дара кәсіпкерлерге берілген қарыздар 0,3%-ға 331 млрд теңгеге дейін азайды (2023 жылдың басынан бері 44,2%-ға өсу).
Ағымдағы жылғы 3-тоқсанда МҚҚЖҰ портфеліндегі 90 күннен астам мерзімі өткен (NPL90+) қарыздар деңгейі 2023 жылғы 1 қазанда 3,8%-ды құрады (01.01.2023ж. – 3,7%). Жеке тұлғалардың портфелінде бұл көрсеткіш 5,4%-ды құрады (01.01.2023ж. – 5,5%).
2023 жылғы 1 қазанда МҚҚЖҰ-ның міндеттемелері 4,2%-ға 1,7 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 15,6%-ға өсу). Қорландыру құрылымында негізгі үлес алынған қарыздарға тиесілі, олардың үлесі жиынтық міндеттемелердің 79,3%-ын немесе 1,4 трлн теңгені құрайды.
МҚҚЖҰ-ның 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша меншікті капиталы тоқсан ішінде 8,0%-ға ұлғайып, 839 млрд теңгені құрады (2023 жылдың басынан бері 35,5%-ға өсу).