2023 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда көлемі 11 237,5 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 7,3% жоғары. Саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 7 802,7 млрд теңгені құрады, 2022 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда бұл 9,5% артық.
Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 31,2% құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 68,8%.
Сауда көлемінің ең көп өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша байқалған, атап айтқанда мотор отыны, автомобиль, тұрмыстық электр құралдары, фармацевтика тауарлары, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, тамақ өнімдері, сусындар мен темекі өнімдері, аяқкиім, тоқыма және шұлық бұйымдары.
2023 жылғы 1 қыркүйекке сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 484,4 млрд теңгені, сауда күндерінде 66 күнді құрады (2022 жылғы 1 қыркүйекке сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі – 1 149,9 млрд теңге, сауда күндерінде 52 күн).
2023 жылғы қаңтар-тамызда республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (31,4%), Астана қаласына (12,9%), Қарағанды (8,0%) және Шығыс Қазақстан (6,2%) облыстарына келеді.