Жыл басынан бергі 10 айда еліміздегі бөлшек сауда көлемі былтырғымен салыстырғанда 6,9% көбейді, деп хабарлайды статбюро.
Қазіргі өсу қарқыны 2014 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш (ол кезде 12,3% көбейген). Өсімге негізгі үлесті Шымкент қаласы қосты: +19,3%. Қала үшін бұл жеке статистика сақталатын бүкіл уақыт үшін де максималды көрсеткіш.
Бұл ретте жалпы рекордтық көрсеткішке азық-түлік емес тауарлар саудасы қол жеткізді – 14,7% көбейген, ал азық-түлік, керісінше, аз сатылды (-6,2%). Әсіресе Батыс Қазақстан облысында азық-түлік бөлшек саудасы 34,9%, 113 млрд теңгеге дейін күрт төмендеген. Облыс халқының санын есептесек, бір адамға бір айда азық-түлікке 16 мың теңгедей ғана кетеді деген сөз.