Halyk Bank 2025 жыл қорытындысы бойынша жай акцияларына бір акцияға 30,10 теңге көлемінде дивиденд бекітті, деп хабарлайды KASE.
Дивидендтерді төлеу 2026 жылғы 18 мамырдан басталады.
Банктің 2025 жылғы таза пайдасынан жай акцияға дивиденд төленгеннен кейін қалған бөлігі акционерлер арасында бөлінбейді. Бөлінбеген таза пайда ретінде банкте қалады.
Былтыр банк 2024 жылға дивидендті екі траншпен төлеген. 2025 жылғы 22 мамыр мен 29 шілде аралығында бірінші транш төленіп, бір акцияға 29,64 теңге болған. Екінші транш бойынша дивиденд мөлшері 21 теңгеге жуық болды.
2026 жылғы 24 сәуірде сағат 13:00-дегі жағдай бойынша Halyk Bank акцияларымен соңғы мәміле 411,38 теңге болды.
Соңғы 12 айда банк акциясы 39% шамасында өсті.
2026 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, банктің жай акцияларының 61,99%-ы «АЛМЭКС» холдингтік тобына тиесілі, 35,09%-ы – The Bank of New York (номиналды ұстаушы).