2023-2025 жылдар аралығында ғылымды қаржыландыру көлемі 643 млрд теңгені құрайды, деді премьер-министр.
Оның ішінде биылғы жылы 149 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 есеге көп.
Былтыр 1 700 жетекші ғалымның жалақысы 70% өсті. Жыл сайын жас ғалымдарға әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін 500 грант беріле бастады.
Сонымен қатар іргелі зерттеулермен айналысатын 11 ғылыми-зерттеу институты тікелей мемлекеттік қаржыландыруға ауыстырылды.