Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы» бұйрыққа түзетулер жобасын дайындады.

Энергетика министрлігі бүгінде Қазақстандағы газдың көтерме бағасы әлемдегі ең төменгі бағалардың бірі екенін және шамамен текше метрі 20 640 теңге екенін айтты. Мысалы, көршілес Ресей Федерациясында бағалар 35 мың теңге.

«Қазақстанда тауарлық газ бағасының ұсталуы еліміздің жекелеген өңірлерінде – Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облыстарында құнының бекітілген бағадан 150-200% асуына, сондай-ақ жыл сайынғы отандық өндірі. әлеуетінің төмендеуіне әкелді. Осылайша, төмен баға газ саласының инвестициялық тартымдылығын төмендетеді. Бүгінгі таңда жер қойнауын пайдаланушылар газ саласының рентабельсіздігіне байланысты газ кен орындарын игеруге мүдделі емес. Осыған байланысты тауарлық газды өндіру төмендеу үрдісі бар. Қазіргі жағдай тауарлық газ тапшылығына қауіп төндіреді, оны қымбат импорт есебінен жабуға тура келеді. Сондықтан 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап көтерме бағаларды түзету мәселесі қарастырылуда», — деп хабарлады ведомство.

Ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасының өсуі өңірге байланысты 3-4,8 теңге/м3 құрайды, бұл ретте республика бойынша орташа өсім 3 теңге/м3 құрайды.

«Қазіргі орташа көтерме баға 20,64 теңге/м3, ол 23,64 теңге/м3 болады», — делінген ведомство хабарламасында.

Энергетика министрлігі бұл шара ішкі нарықты тұрақты және үздіксіз газбен қамтамасыз етуге және газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыруға септігін тигізеді деп есептейді.

Тауарлы газдың көтерме бағасының көтерілуі тұтынушыларға аздап әсер етеді – орташа есеппен жеке үйге шығындардың жыл сайынғы өсуі айына шамамен 1080 теңгені, пәтерлер үшін айына 130 теңгені құрайды.