Денсаулыққа жазылым, Qazaq Marathon, «Жасыл сандықша» ертегілер жинағы және бес iPhone 16 ұтыс ойыны: Өмірді сақтандыру саласында Қазақстанның ӨСК үздік үштігіне кіріп, сақтандыру сыйақылары бойынша екінші орынды иеленген Freedom Life компаниясының 10 жыл ішінде атқарған істері туралы айтамыз.
2014 жылы «Азия Life» атауымен құрылған ӨСК жас ойыншы ретінде шығып, нарық көшбасшыларының біріне айналып, кейін «Freedom Life» атауын иеленіп, көшбасшылардың біріне айналды. Бүгінде компания, инновациялық сақтандыру өнімдерін ұсынып, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін шешімдерді клиенттерге ұсыну арқылы дамуын жалғастыруда.
Компанияның 10 жыл ішіндегі көрсеткіштері:
Freedom Life-тың негізгі жетістіктерінің бірі активтері 9 810%-ға артып, 178 млрд теңгеден асты, ал сақтандыру резервтері 3 418%-ға өсуі. 2014 жылдан бері Freedom Life 300 млрд теңгеден астам сақтандыру сыйақысын жинап, клиенттерге 14 млрд теңгеден астам төлем жасады. 2024 жылы S&P Global Ratings агенттігі тұрақты табыстылық пен капитал көрсеткіштерін сақтап, клиенттердің қаржысын сеніп тапсыруына мүмкіндік беріп келген компанияның рейтинг болжамын қайта көтерді. Қазіргі таңда компания табыстылық пен капитал тұрақтылығын дәлелдеп, 500 мыңнан астам клиенттің сенімін ақтап келеді.
«Біздің табысымыздың негізгі қозғаушы күші пандемия болды. Сол кезде біз карантин жағдайына шұғыл бейімделіп, цифрлық сервиске көштік. Қазіргі таңда сайтымызда 9 онлайн-бағдарлама бар. Кейбіреулері маркетплейстерде жұмыс істеуге арнайы бейімделген. Мысалы, Chocotravel және Aviata сайттарынан әуе және теміржол билеттерін сатып алатындарға, немесе Шымбұлақтағы тау шаңғысы демалысын ұнататындарға арналған сақтандыру», – деп атап өтті Freedom Life ӨСК Басқарма Төрағасы Азамат Ердесов.
Компания басшысы сондай-ақ Freedom Health бағдарламасы бойынша ауыр сырқаттарға арналған сақтандырудың бірегей цифрлық өнімдерінің бірі – денсаулыққа жазылуды да ерекше атап өтті. Оның құны медиа-сервистерге арналған жазылымдардан айырмашылығы жоқ, бірақ функционалы әлдеқайда кең. Сақтандыру жағдайы туындаған кезде жазылым жылына 100 мың доллардан бастап өмір бойына 1 миллион долларға дейінгі сомада отандық және шетелдік үздік клиникаларда ем алуды қамтамасыз етеді.
Бұл ӨСК нарығындағы қарапайым жаңа өнім ғана емес, цифрлық креативке айналған қызмет. Бізде сақтандыру жағдайлары бойынша бірнеше нақты тәжірибелер бар. Freedom Health жазылымын бірнеше жыл бұрын рәсімдеген тұтынушыларымыздың шығындарын тасымал, операция, оңалту және Израиль, Түркия, Испания сияқты елдердегі емдеу қызметтері толығымен өтеді. Олар нәтижесінде үйлеріне сауығып оралды", - деді Азамат Ердесов.
Freedom Life компаниясы соңғы жылдары цифрлық сервистерді дамытумен қатар, Freedom University ӨЖС бағдарламасы арқылы мемлекеттік білім жинақтау жүйесіне қатысты. Ата-аналар бұл бағдарламамен отбасы бюджетіне ауыртпалық салмай, балаларының жоғары білім алуына қаржы жинақтай алады. 2024 жылдың 9 айында компанияның нарықтағы үлесі 13,3%-ды құрады.
«Қазіргі кезде біз бұл бағытта жаңғырту жұмыстарын жүргізудеміз, және 2024 жылдың соңына дейін «Келешек» мемлекеттік білім жобасына қатысуға ниеттіміз. Жоба шарты бойынша ата-аналар балаға арнайы шот аша алады, оған мемлекет 60 АЕК (5 жасар балаларға) мөлшерінде бастапқы капитал салады. Кейін шотқа ата-аналардың ерікті жарналары, жыл сайынғы 5%–7% көлеміндегі мемлекеттік сыйлықақы және 8%-ға дейінгі инвестициялық кіріс жиналады. Менің ойымша, бұл оқу ақысын бірден төлеуге мүмкіндігі жоқ ата-аналар үшін тиімді шешім», – деп атап өтті Freedom Life ӨСК Басқарма Төрағасы.
ESG түрлендіру
Қазақстанның сақтандыру нарығы ESG-трансформацияның бастапқы кезеңінде тұрғанына қарамастан, компания ұзақ уақыттан бері қаржылық сауаттылықты дамыту, әлеуметтік жауапкершілік, мәдениет пен спортты қолдау сияқты бағыттарда жұмыс істеп келеді.
2019 жылы ҚНРДА қолдауымен компания Freedom Camp әлеуметтік жобасын – мектеп оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық бойынша онлайн және офлайн сабақтарды іске қосты. Кейін компания балалар өз бетінше тіркеліп, бейнесабақтарды өте алатын camp.ffin.life цифрлық білім беру платформасын ұсынды.
Компания жыл сайын Freedom Camp жобасын жаңғыртады. Осылайша, 2024 жылғы қыркүйекте Freedom Life компаниясы жоба аясында 6-8 жас аралығындағы балаларға арналған «Жасыл сандықша»/ «Зеленый сундучок» атты қаржылық сауаттылық туралы қазақ тіліндегі алғашқы ертегілер жинағын ұсынды. Бұл коммерциялық емес жоба, барлық тираж қалалық кітапханаларға таратылды. Сонымен қатар, Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен қаланың 8 ауданындағы 216 мектепке осы кітаптар беріледі.
Қаңтар оқиғалары мен Абай облысындағы өрт сияқты ірі трагедиялық жағдайлардан зардап шеккен қазақстандықтарға қаржылай көмек көрсету мақсатында, компания Freedom Support арнайы ерікті жедел аннуитеттік сақтандыру бағдарламасын іске қосты. Сонымен қатар, аталған бағдарлама арқылы компания қазақстандық мәдениеттің дамуына үлес қосып, Mecenat.kz әдеби сыйлығының жеңімпаздары мен көрнекті авторларына тұрақты өмірлік аннуитеттік төлемдер жүргізеді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру және спортты насихаттау мақсатында, компания Ironman, Oceanman Kazakhstan халықаралық жарыстары мен 2024 жылы көктемде басталып, елдің 5 қаласын қамтыған ең ірі Qazaq Marathon жобасы сияқты спорттық бастамаларды белсенді қолдайды.
Табысты бизнес құрудағы команданың рөлі
Freedom Life басшысының айтуынша, компанияның барлық жетістіктері кәсіби мамандардан құралған ұйымшыл команданың еңбегі. Қазіргі таңда компанияда 380-нен астам қызметкер бар, оның 26-сы алғашқы күннен бері жұмыс істеп келеді.
«Біз бірге қиындықтарды еңсеріп, жаңа белестерді бағындырып келеміз. Компания ішінде тоқтау жоқ, біз қызметкерлердің үздіксіз дамуына мән береміз. Оқытуға инвестиция салып, ішкі тренингтер мен семинарлар өткіземіз, жоғары кәсібилікті ынталандырамыз.
Біздің команда тек өмірді сақтандыруда ғана емес, әлеуметтік салаларда да инновациялық жобаларды дамытуға қолайлы жағдай жасады. Біз таңдалған бағытта алға жылжи береміз. Қазірдің өзінде онлайн төлемдер алу процесін онлайн сақтандыру рәсімдеу секілді жеңіл әрі жылдам ету жолында жұмыс істеп жатырмыз. Сонымен қатар, сақтандыру бағдарламаларын әр түрлі табыс деңгейіндегі адамдар үшін барынша қолжетімді және тиімді қылуды көздейміз.
Біз әрбір клиентімізге сенімі үшін алғыс білдіреміз. Сенімді әрі қауіпсіз болашақ құруда бізді таңдағаныңыз үшін рақмет!» – деді Freedom Life компаниясының Басқарма Төрағасы.
Компания мерейтойға орай iPhone 16 сыйлайды
Freedom Life өмірді сақтандыру компаниясынан тағы бір жақсы жаңалығы бар.
Мерейтой құрметіне компания клиенттері арасында бес iPhone 16 ұтысын өткізеді.
Қатысу шарттары:
- ffin.life сайтында Freedom Life сақтандыруын сатып алыңыз немесе ӨСК кеңсесінде сақтандыру келісімшартын жасасыңыз.
- Науқан мерзімі: 2024 жылғы 31 қазан — 31 желтоқсан.
- Байқау нәтижелері 2025 жылдың 6 қаңтар күні @ffin.life инстаграм парақшасында тікелей эфирде кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталады.
Ұтыс ережелері туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы біліңіз.