Ақтау мен қала маңындағы ауылдарда Freedom компаниялары тобының қолдауымен сумен қамтамасыз ету жақсарады, деп хабарлайды компаниялар тобының баспасөз қызметі.
2023 жылғы 4 тамызда Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында сорғы станциясы мен сумен жабдықтау желілері пайдалануға берілді. Бұл болашақта Ақтау қаласы мен Түпқараған ауданындағы ауылдардың тұрғындарын тұщы сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді. Жобаның құны 2,12 млрд теңгені құрады және оны Freedom компаниялар тобы толық қаржыландырды.
Ақтау қаласынан 10 км қашықтықта орналасқан ауыз сумен жабдықтау объектілерінің ашылуына Freedom Holding Corp Бас атқарушы директоры Тимур Тұрлов және Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.
Ақтау қаласындағы тұщыландыру зауытынан ОСЖТ-4 (орталық сумен жабдықтау торабы) дейінгі сорғы станциясы мен сумен жабдықтау желілерін салу және монтаждау жұмыстарын Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Каспий Жылу, Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жүргізді. Қазіргі уақытта «КЖСА» МКК тарапынан нысандар су беруге 100% дайын.
Жоба өткен жылдың қазан айында қол қойылған Маңғыстау облысы мен Freedom компаниялар тобының меморандумы аясында іске асырылды. Бастама азаматтардың негізгі қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайлар мен көлік байланысын жақсарту мақсатында құрылған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын қолдауға бағытталған.
«Өткен жылы Маңғыстау облысының әкімімен кездесу барысында біз өңірдің шұғыл әрекет етуді талап ететін негізгі мәселелерін көрдік. Сондықтан біз осы үлкен және өршіл жобаны іске асыруға бірден кірісіп кеттік, оның нәтижелерін бүгін көріп отырмыз. Бизнес пен мемлекеттің серіктестігі арқасында жүздеген мың адамдар таза ауыз суға қол жеткізе алады. Бір жылдан аз уақыт ішінде аймақ үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар үлкен жобаны әзірленді және жүзеге асырылды. Бұл бірлескен күш-жігермен біз ауқымды мәселелерді тез және сапалы шеше алатынымызды және ел азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыруға үлес қоса алатынымызды дәлелдейді», - дейді Freedom Holding Corp Бас атқарушы директоры Тимур Турлов.
Екі су құбыры желісінің әрқайсысының ұзындығы 10 шақырымнан асады, ал сорғы станциясының қуаттылығы тәулігіне 20 000 м3 құрайды. Салынған су құбыры арқылы Ақшұқыр және Сайын-Шапағатов ауылдарының тұрғындарын, сондай-ақ Ақтау қаласы тұрғындарының бір бөлігін үздіксіз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.
«Бүгін біз Ақтау қаласында және Түпқараған ауданының жақын маңдағы ауылдарында ауыз су тапшылығы мәселесін шешуге көмектесетін өңіріміз үшін маңызды объектілердің бірі - жаңа сорғы станциясы мен сумен жабдықтау желісінің ашылу сәтіне қатысып отырмыз. Соңғы жылдары су тапшылығы мәселесі Маңғыстау облысы үшін өте өзекті болып отыр. Облыс әкімдігі осы мәселені шешу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде, тұщыландыру зауыттары салынуда, жұмыс істеп тұрғандардың қуаты артуда. Бірнеше жыл ішінде су тапшылығы мәселесін толық шешу күтілуде. Бүгінгі таңда тұщыландыру зауытынан ОСЖТ-4-ке дейінгі сорғы станциясы мен сумен жабдықтау желісінің ашылуы мәселені шешу бойынша қабылданып жатқан шаралардың бір мысалы болып табылады. Жобаны толығымен Freedom компаниялар тобы қаржыландырды, ол үшін облыс тұрғындары үлкен алғыс білдіреді», дейді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.
Жергілікті қауымдастықтар үшін инфрақұрылымға жасалған маңызды инвестициялармен қатар, Freedom компаниялар тобы қатысу аймақтарындағы өмір сапасын жақсартуға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған әлеуметтік және экологиялық жобаларды белсенді түрде қаржыландырады. Ұлттық ESG-клубының қатысушысы бола отырып, топтың брокерлік бағыты оның отырыстарына қатысады, қызметтің перспективалық бағыттарын және қаржы секторы компанияларында орнықты даму практикасын енгізудің өзекті мәселелерін талқылайды.