Фридом Финанс АҚ-да 2023 жылғы 30 маусымдағы қорытынды активтер 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 111,4 млрд теңгеге (54,3%) ұлғайды және 316,6 млрд теңгені құрады. Өсімге бағалы қағаздар портфелінің 110,2 млрд теңгеге немесе 85,3% ұлғаюы нәтижесінде қол жеткізілді.
Міндеттемелер 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 98,7 млрд теңгеге немесе 115,8%а өсті. Бұл тікелей РЕПО бойынша операциялардың 105,4 млрд теңгеге немесе 139,2% ұлғаюына байланысты.
Меншікті капитал 2022 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 12,6 млрд теңгеге немесе 10,5% өсті.
2023 жылғы 30 маусымда аяқталған тоқсандағы таза табыс 2022 жылғы 30 маусымда аяқталған тоқсандағы таза табыспен салыстырғанда 0,7 млрд теңгеге немесе 14,9% төмендеді. Бұл келесі факторларға байланысты:
- өзгерістері пайда немесе залал құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері құнының өзгеруі – 2,6 млрд теңгеге немесе 1428,6%-ға таза кірістердің өсуі;
- қаржы активтерін сатып алу-сатудан түскен таза кірістердің – 0,9 млрд теңгеге немесе 54,1% төмендеуі;
- операциялық шығыстардың – 2,3 млрд теңгеге немесе 257,9% өсуі.
Негізгі сандық көрсеткіштер:
- Жарғылық капитал – 72,8 млрд теңге.
- 2023 жылғы 1 шілдедегі шоттардың жалпы саны – 85 мыңнан астам.
- 2023 жылдың екінші тоқсанындағы мәмілелер саны – 261 мыңнан астам.
- 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша компания Қазақстан қор биржасында саудаланатын бағалы қағаздардың 87 атауы бойынша, 7 атауы бойынша – Astana International Exchange-де ресми маркетмейкер болып табылады.
Freedom Finance Global-да 2024 фискалдық жылдың 1 тоқсанында компанияда 16 мыңнан астам шот ашылды, 2,9 млн-нан астам мәміле жүргізілді. 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ашық шоттардың жалпы саны – 119 мыңнан астам, бағалы қағаздармен 11,5 млн астам мәмілелер жүзеге асырылды.