Еуроодақ Орталық Азия елдеріне қарсы санкциялардың жаңа механизмін талқылап жатыр. ЕО пайымынша, Орталық Азия елдері Ресейге санкциядан жалтаруға көмектеседі, деп жазады Bloomberg.
Анонимді дереккөздердің хабарлауынша, Мәскеу пайдалануы мүмкін сауда арналарының жолын кесуге әрекет жасалады. Ал бұл нәтиже бермесе, ЕО екінші қадам ретінде негізгі тауарларға мақсатты шектеулер енгізу мүмкіндігіне ие болады.
«Блок сонымен қатар бірқатар қолданыстағы экспорттық шаралардың ауқымын кеңейтуге және Ресей арқылы көптеген тауарлардың транзитіне тыйым салуға бағытталған», делінген.
ЕО әзірлеп жатқан он бірінші санкциялар пакеті негізінен қабылданған шаралардағы олқылықтарды жабуға, сондай-ақ блоктың өз шектеулерін орындау қабілетін күшейтуге бағытталған. Бұл Мәскеудің әлі күнге дейін көптеген санкцияланған тауарларды үшінші елдер арқылы сатып алуына реакция.
Еуроодақтың санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О'Салливан 24 сәуірде Ресей президенті Владимир Путиннің алдағы сапарына байланысты Еуроодақ елдері Қазақстанға қарсы санкция салуға ниеті жоқ екенін айтты. Ол Путиннің әрекеті БҰҰ Жарғысына қайшы келетінін, өйткені ол бастаған соғыс әскери қылмыс екенін, соның салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тапқанын атап өтті. Дегенмен, бұл мәселеде қандай тәсілді ұстанатынын әр ел өзі шешетінін айтты.
Бұған дейін Қазақстанның реэкспорты санкциялық тауарларды дәлелдемейтінін жазған едік.