2022 жылғы 15 ақпанда Алматыда Қазақстан тарапының бастамасы бойынша Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің кеден және салық қызметтерінің үшжақты кездесуі өтті.
Кездесу тақырыбы үш елдің салық және кеден қызметтерінің іс-қимылдарын тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мәселелері болды.
«Соңғы уақытта ЕАЭО нарығында қытай тауарларының "сұр" айналымының ұлғаю үрдісі байқалуда. Мұндай үрдіс біздің елдеріміздің үкіметтері тарапынан тиісті назарсыз қала алмайды», — деп атап өтті Б. Сұлтанов.
Ол «сұр» импорттың ұлғаюына алып келетін сын-тегеуріндерге: бюджетке салықтардың толық түспеуіне, одақ нарықтарына контрафактілік, сапасыз және кейде қауіпсіз емес өнімдерді әкелуге назар аударды.
«Бұл фактор өзара саудадағы бәсекелестік нарықтың дамуына теріс әсер етеді, бұл сайып келгенде экономиканың жекелеген сезімтал салаларының дамуына қауіп төндіреді», — деп түйіндеді Б. Сұлтанов.
Сондай-ақ келіссөздер барысында Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің фискалдық және құқық қорғау органдарының қатысуымен алдағы жылға үшжақты өзара іс-қимылды жолға қою туралы уағдаласты.