Fitch Ratings агенттігі қазақстандық банктерге жасаған шолуында елдегі екінші деңгейлі банктердің табыстылық деңгейінің 2021 жылдың екінші тоқсанында рекордтық 37%-ға жеткенін хабарлайды.

Болжам бойынша жылдың екінші жартысында аталған көрсеткіш аздап төмендегенімен, сонда да жоғары болып қала бермек.

агенттіктің мәліметінше, банктердің бұлай табысты болуының бірінші себебі олардың ең алдымен тұтынушылық несиеге басымдық беруінде.

Бір айта кетерлігі, банк секторындағы дағдарыстан кейін екінші деңгейлі банктердің берген несиелерінің 10%-дан астамы қайтпай қалуы мүмкін, мерзімі 90 күннен асып кеткен "нашар" несиелер еді. Бұл банктерді банкрот қылуға шақ қалған. Алайда, қазіргі таңда осындай несиелердің үлесі 5% ғана, айтарлықтай төмендеген.