СЖРА ҰСБ деректері бойынша өткен бір айда «Аудиовизуалды жабдық, фотоаппаратура, ақпаратты өңдеуге арналған жабдық" санатында баға 19,7% өскен.

Диагоналі 43-49" теледидарлар бірден 26,9% қымбаттады. Өнімнің нақты осы түрі туралы мәліметтер 2021 жылдан бері қолжетімді және осы жылдар ішінде мұндай күрт өзгеріс болмаған. Мұндай көрсеткіштер теледидарлар бойынша статистикада мүлдем болған жоқ, кем дегенде 2011 жылдан бері.

Сымсыз құлаққаптар бағасына да бір айда 26,9% қосылған. Тағы да айта кетейік, 2021 жылдан бері бұл санат бойынша деректерде бұрын-соңды мұндай өзгеріс байқалмаған. 2019-2020 жылдар аралығындағы статистикада да құлаққаптар мұндай қарқынмен қымбаттамаған. 

Ноутбуктер сәуірде 19,7% қымбаттады. Кем дегенде 2016 жылдан бері, мұндай техника ҰСБ деректерінде пайда болғаннан бері, бұлай қымбаттаған жоқ.

Бір қызығы, аталған өнімдер, әдетте, импортталған, өткен айда теңгенің айтарлықтай тұрақты бағамына қарамастан қымбаттап отыр.